Monthly Archives: Қараша 2008

Арал теңізіне және балық шаруашылығына қатысты депутаттық сауал

2008 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атына жолданды

Қызылорда облысы экологиялық апат аймағы болып саналатындықтан бұл аймақ тұрғындарының денсаулығын сақтау мәселелері, әрине, ерекше назар аударуды қажет етеді.

Осы ретте Министрлер кабинетіне Қызылорда облысының денсаулық сақтау мекемелерінің штаттық санын 595 бірлікке арттыру және ана мен бала өлімі көрсеткішін төмендетуге арналған дәрі-дәрмектерді сатып алуға қосымша қаржы бөлу жөнінде жасаған біздің соңғы бір топ депутаттардың ұсынысы қолдау тапқанына алғыс білдіреміз.

Арал өңірі проблемаларын кешенді түрде шешу үшін Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің Солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) бірегей жобасы іске асырылуда. Бұл жоба халықаралық сарапшылар тарапынан «Ғасыр жобасы» деген атауға ие болды. Оқуды жалғастыру