Category Archives: Жәриялымдар

«Ақша қажет, ал қазақ тілі керек емес» дейтіндерді қалай түсінеміз?

Кеше мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед арқалап келген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелеріне қатысты заң жобасын Парламент Мәжілісінің депутаттары мақұлдап жіберді. Осыған дейін талай қызу талқыға түскен заң жобасы әбден пісіп-жетілген екен. Айрықша атап өтетін дүние – заң жобасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алу үшін конкурсқа қатысатын үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде рәсімдеуді міндеттейді. Ұмытпасақ, заң жобасына бұл өзгертуді Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов енгізген болатын. Алайда кешегі пленарлық отырыста Парламент Мәжілісінің депутаты, бұрымды Бақыт Сыздықова өзінің күмәнді сұрағымен «заңның бұл талабына іштей наразы депутаттар да бар екен-ау» деген ой туғызды.

Салтан Сәкен, Алаш айнасы, 15.09.2011 ж.

Оқуды жалғастыру

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ ҚОЙЫЛАР ТАЛАП ЖОҒАРЫ

Кеше Қорқыт ата атындағы Қызылорда мем­ле­­кеттік университетінде «Білікті жастар – ел бола­шағы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұ­рат Әбенов, облыстық, мемлекеттік мекеме басшы­лары, жастар ұйымдары қатысты.

Аталмыш шараның мақсаты жастарға мемлекет­тік қызметтің жаңа моделімен таныстыра отырып, олардың осы қызметке қызығушылығын арттыру, пікірлерін білу және жастарды жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс жасау бағытында байланыс орнату болып табылады. Айта кету керек, Елбасы үстіміздегі жылдың шілде айында мемлекеттік қызметтің жаңа тұжырымдамасын бекіткен еді. Осы­ған байланысты жаңа жүйеге сәйкес оның мәні мен мазмұнын түсіндіру шаралары жер-жерлерде ұйым­дастырылуда. Дөңгелек үстелде сөз алған Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов «Инновациялық экономи­каның даму жолындағы мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің тұжырымдамалық негіздері» тақырыбында баяндама жасады. Онда халық қалаулысы бүгінгі таңда жастардың мемлекеттік қызметке қызығу­шылығы төмен екендігін, есесіне ірі шетелдік меке­мелер мен фирмаларда жұмыс жасауға белсене кірі­сетіндігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, мемлекеттік қыз­меттің бұрынғы реформасы мен жаңа моделінің ара­сындағы айырмашылықтың ара жігін ашып көрсетті. Заманға сай мемлекеттік қызметкердің бойында кез келген туындаған мәселені шеше алатындай қабілетті, елдің ішінде болатын әлеуметтік «қақтығыстарды» ал­дын ала болжай алатын және одан нәтиже шығаратын білікті басшы болуы қажет.

«Сыр бойы» газеті, Айсәуле ҚАРАПАЕВА, 25.08.2011 Оқуды жалғастыру

Ғаламтор және журналист

«Егемен Қазақстан» газетінің редакциясында қазақ жур­на­листикасын ғаламторда пайдалану мүмкіндіктеріне арналған «дөң­гелек үстел өтті. Астанада қазақ тілді әріптестеріміз үшін алғаш рет өткізілген басқосуға газет басшысы Сауытбек Абдрахманов, Парламент мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов, Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты қызмет­кер­ле­рі, журналистер мен танымал блоггерлер қатысты.

Егемен Қазақстан, Дастан КЕНЖАЛИН, 09.07.2011 ж.        Оқуды жалғастыру

Қазақ ғарышының тағы бір қыраны – «KAZSAT-2» қанат қақты

http://www.voxpopuli.kz сайтынан

Ғарышкер аттандырып, ғылыми зерттеу бағдарламасын жүзеге асыру кез келген мемлекетке мәртебе болса, жер серігін ұшыру экономикалық тұрғыдағы тиімділігін дәлелдеген кезекті қадамы, – деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов. – Себебі, ондаған жылдар жұмыс жүргізетін аппарат арқылы жердің қыртысындағы жаңа кен көздері мен табиғаттың экологиялық ахуалынан бастап байланыстың барлық түрін кең қамтуға қолданылады. Сондықтан түрлі саланың дамуына ықпал ерекше. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай екінші жер серігінің сәтті ұшырылуы мемлекетіміздің қуатын көрсетеді. Сырбойылықтар отандық спутниктің тұрақты тұтынушысы боларына сенімдімін.
Сыр бойы, Нұрлан Мералы, 19.07.2011 ж.     Оқуды жалғастыру

Құмар ойын – қасірет

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне облысымыздан депутат боп сайланған Мұрат Әбенов өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін дер кезінде көтеріп, оның уақытылы оң шешім табуына ұйытқы болуда. Осындай өзекті мәселенің бірі – өскелең ұрпақтың құмар ойындарға қатысы тақырыбында өрбіген болатын. Жақында халық қалаулысы ойын бизнесін ұйымдастырушы мекемелерді тексеру жөнінде еліміздің бас прокуроры мен Туризм және спорт министріне депутаттық сауал жолдаған еді.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ, «Сыр бойы» газеті, 17.05.2011 ж. Оқуды жалғастыру

Жұмыс берушiлердiң жүгенсiздiгi

Мұрат Әбенов: Қазiргi жұмыс берушiлер еңбек заңдылығы, соған қатысты құжаттарды толық деңгейде жасап отырған жоқ. Көбiнесе жұмыс берушi қызметкердi уақытша алып, қалаған уақытында шығарып жiбередi. Жұмысқа қабылдағанның өзiнде келiсiм-шарт жасамайды. Ал келiсiм-шарт жасаса, оған жұмыстағы қажеттi талаптарды қоспайды.
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ, «Түркістан» газеті, 19.05.2011 ж. Оқуды жалғастыру

Базар бұрыннан келе жатқан сауда жүйесі

Осыдан 2 жыл бұрын Үкімет бағаны тұрақтандыру үшін базарларды жауып, көтерме сауда жүйесіне көшу жөнінде бастама көтерген еді. Бұл бастама сол кездегі бірқатар жобалар сияқты өміршең болмай шықты, ұмытылып та кетті. Шығыс халықтары дәстүрлерінің құрамдас бөлігі болып табылатын базарларды қолдап 2009 жылғы 20 қарашада «Алаш айнасын» газетінің тілшісі Салтан Сәкенге пікірімді білдірген едім. Оқуды жалғастыру

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Мұрат Әбенов: Сыбайлас жемқорлықпен күреске бүкіл қоғам атсалысуы қажет. Бізде ондай заңбұзушылықты көре тұра, қазақшылыққа салып, «арызқой» деген атақтан қашып жүретіндер әлі де көп. Бұл – түбегейлі қателік. Бұл дерттен биліктен бұрын зиян шегетін – қарапайым халық.
«Жас қазақ» газеті, 13.05.2011 ж. Оқуды жалғастыру

Депутаттар мал өсіруді насихаттап жүр

Тоқсан сайын ел аралайтын Мәжіліс депутаттарының бұл жолғы сапары ауылдардан басталды. Мәжілісмендер Қ.Ыдырысов пен М.Әбенов көктемгі сапарын Жалағаш ауданындағы «Ақсу» ауылында жалғастырды. Көктемнің қарбалас тіршілігі ауылда қызатыны белгілі. Егін мен малдың жай-күйінен босамайтын ауыл адамдарымен кездесудегі негізгі әңгіме ауыл­шаруашылығы тақырыбында болды. Айта кету керек, Елбасының биылғы Жолдауы ауылды дамытуға бағытталғаны белгілі. Осы орайда ауылдағылардың шағын кәсіппен айналысуына, мал өсіруіне, егін егуіне, болмағанда қайтадан оқып, қайтадан мамандық алуына жағдай жасалатыны депутаттар әңгімесінде де айтылды. Ауыл мектебінің акт залына жиналған ауылдың үлкен-кішісінің де депутаттарға қойған сауалдары да аз болмады.
Г. ДІЛДӘБЕКОВА, «Ақмешіт ақшамы» газеті, 05.05.2011 ж.

Оқуды жалғастыру

Электронды ақша. Ол жасырын қаржыны сыртқа шығарудың жолы емес пе?

Күні кешеге дейін валюта айырбастаудың, басқа елдерге ақша аударылымдарын жөнелту мен алудың не екенін білмейтін едік. Бүгін ештеңеге таңғалар емеспіз. Зейнеткерлердің өзі зейнетақыла-рын пластикалық карталармен алатын болса, жүйрік уақыт үйіңнен шықпай, электронды ақша арқылы есеп айырысуға болатындығын көрсетіп отыр. Осы ретте Мәжіліс қоржынына бір жылдан астам бұрын түскен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электронды ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды. «Қазақстанда төлемдер мен қаржылық операцияларды іске асыруда электронды ақшаны шығару мен қолданудың құқықтық негіздерін қалыптастыру мақсатында әзірленді» деген Заң жобасын мәжілісмендер бірден мақұлдай қоймады. Бірінші оқылымда қаралған кезде депутат Серік Темірболатов Үкіметке кері қайтару туралы ұсыныс айтып, дауысқа салу кезінде ол ұсыныс өтпегенмен, екінші оқылымның өзінде депутаттар жобаның кейбір нормаларымен келісе алмай, үшінші оқылымға қалдырды.

Рәзиға Әшеева, «Алтын Орда», 14.04.2011 ж. Оқуды жалғастыру

Покерден көп ел бас тартты. Ал Қазақстан ше…

Қазақтан сөз артылып па? «Тұйықтан да шығар жол, тамырын бассаң тұйықтың…» Әдемі айтылған сөздің қолданысы да әдемі болса жарар еді, әттең, бүгінде тамыр басушылар – заңның томпақ жерін пайдаланушылар болып барады. Басқаша айтқанда, қисықты заңмен түзетейік десек, ол шіркіннің заңның қисық тұсымен қиыла өтіп, құтылып кетіп жататыны бар. Әңгіме – құмар ойындарының құрдымы жайлы боп отыр. Есірткіден бір елі кем түспейтін құмарпаздықтан ұрпақты құтқару үшін оған заңмен тыйым салып, казино атаулыны қала сыртына оқшауласақ та, ойын бизнесіне олқы соқпай тұр. Әуелгіде ұтыссыз ойын автоматтарымен құқық қорғау органдарының құрығынан құтылғандар, енді міне, елімізде өкінішке қарай, рұқсат беріліп қойған «спорттық покерге» жаппай бет бұрды. Аты ғана «спорттық» демесеңіз, заты – кәдімгі құмар ойын…
Нұрболат АМАНЖОЛ, «Айқын» газеті, 28.04.2011 ж.
Оқуды жалғастыру

“Жасырын ойын бизнесі” жасырынуды қойған ба?

“Жасырын ойын бизнесі” біреулер үшін бизнес, табыс көзі, жұмыс орны. Ал, екінші біреулер үшін өміріне жасалатын қастандық, отбасы бюджетіне үлкен зиян, ата-анаға қасірет, жалпы қоғам үшін трагедия. Содан да, арнаулы заң қабылданды. Бірақ, оған қарап жатқан кім бар?

«Ақмешіт ақшамы» газеті, 22.04.2011., www.qyzylorda.kz  Оқуды жалғастыру

Аты – біздікі, заты – бөлек…

Үй ішінен үй тіккен Байқоңыр қаласының тіршілігін ең алғаш студент кезімде сезіндім. Екі-үш күндік мерекелік демалыста шалғай жатқан аулына ба­рып-қайтуға уақыты жетпейтін болғандықтан, әрі жатақханада жалғыз қалуды қаламаған бір курс­тас­ым  Байқоңыр қаласындағы туыстарына барып, де­ма­лып қайтпақшы болды. Мен де Байқоңыр қаласының іргесіндегі Төретам кентіне бармақшы болып, бір­ге жолға шықтық. Беймезгіл уақытта пойыздан түс­кен курстасым бұл уақытта қалаға кіру қиындық туды­ра­тынын, дегенмен біржола үйге жетіп демалғысы ке­ліп тұрған ниетін жеткіз­ді. Ертеңіне түс ауа хабар­лас­­қанымда курстасымның по­йыз­дан түскелі бері поли­ция бөлімшесінде тергеуде отыр­­ғанын, ұялы теле­фонына да қолы енді жеткенін есті­д­ім. Сондағы бар жазығы – кешкі мезгілде Байқоңыр қала­сын­дағы туыстарына жетпек болғаны. Бір тәулік тергеуде бол­ған курстасымды  ертеңіне кепілдікпен туыстары әзер босатып алды.
Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ, «Алаш айнасы» газеті, 12.04.2011 ж.
http://alashainasy.kz/politics/21321/ Оқуды жалғастыру

Ғарыш тақырыбындағы фантастикалық әңгімелерге бәйге жарияланды

Бүгіннен бастап Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен адамның ғарышқа алғашқы сапарының 50 жылдығына орай, жастар арасында «Байқоңыр-2011» атты халықаралық фантастикалық әңгімелер байқауы басталды. Кеше елордадағы «Назарбаев университеті» АҚ ғимаратында осы мәселеге қатысты арнайы баспасөз мәслихаты болып өтті.
Қанат Қазы, «Алаш айнасы» газеті, 12.04.2011 ж.
http://alashainasy.kz/society/21300/

Оқуды жалғастыру

Қазақ блогшыларының құрылтайы туралы арнайы сюжет

2011 жылғы 19-20 наурызда Алматы қаласында өткен қазақ блогшыларының бірінші құрылтайы туралы 7 арнаның «Нысана» бағдарламасында арнайы сюжет көрсетілді. Авторы – Максим Рожин.

 

Елімізде ұялы байланыс пен интернеттің қымбаттығы бәсекелестіктің кемдігінен емес пе?

Мұрат ӘБЕНОВ, Мәжіліс депутаты
– Жоқ, бұл жерде бар гәп бәсекелестікте ғана жатқан жоқ. Бұл жерде бір ескеретіні, біздің елде ұялы телефон мен интернетке қатысты монополизмді бас пайдасына асыру­шылар саны жылдан-жылға ар­тып отыр. Бұған қатысты қа­ра­пайым ғана бір мысал алайық. Мәселен, біздің мем­­­лекетімізде дүкендерде, көшелерде ұялы телефонға бірлік салатын арнайы терминалдар тұрады. Сол терминалдардан бірлік салу үшін сіз арнайы қызметтік үстеме төлейсіз. Оқуды жалғастыру

Электронды ақша заңсыздық құралына айналмауы тиіс

Электронды ақша қарапайым халықтың емес, қалталы компаниялардың ғана игілігіне қызмет ететін түрі бар.Осы аптада Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралған сәтте бір топ халық қалаулылары осындай күмәнді пікір білдірді.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті», 31.03.2011 ж.

Мақаланың түпнұсқасы: http://zan.zanmedia.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=3184:2011-03-31-16-31-52&catid=245:1&Itemid=43 Оқуды жалғастыру

Ұлттық банк жалған ақпарат таратыпты

Төлен Тілеубай, Жас қазақ, 01.04.2011 Сәрсенбі күні Мәжіліс депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» жаңа заңның жобасын екінші оқылымда талқылаймыз деп «қара терге» түсті. Оқуды жалғастыру

1 сәуірде Парламенттің біріккен отырысы өтті?

Masa.kz интернет газеті, 01.04.2011 ж. Кеше парламент депуттарының біріккен отырысы болып,«Мемлекеттік тіл туралы заң» жобасы талқылауға түсті. Талқылауға түскен заң жобасы туралы редакциямызға парламент мәжілісінің баспасөз орталығы хабарлады. http://masa.kz/article/view/id/1254 Оқуды жалғастыру

Жеңімпаздар әлем біріншілігіне барады

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Оқуды жалғастыру

Ырысты өнім күріш

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Мұрат Әбенов Республика Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке сауал жолдады. Кеден одағына кірудің ұтымды жақтары көп екені анық. Бұл әрі 170 млн. адам құрайтын ауқымды өнім өткізу нарығы, әрі $ 600 млрд. көлеміндегі мемлекеттеріміздің өндірістік әлеуеті. Оқуды жалғастыру

Ғарыш саласының қарышты қадамдары – кемелді келешек кепілі

Қазіргі әлемдік экономикада дамудың қозғаушы күші ретінде білім мен технологиялық инновацияларды пайдалану базасында экономикалық өсудің жаңа тұрпаты қалыптасты.

Ғылыми-техникалық әлеует және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әртараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғау-шы күші болары сөзсіз. Оқуды жалғастыру

Жыл қорытындылауды Наурыздан бастаған жөн

Күн мен Түннiң теңесiп, Жаңа күннiң келер басы – Наурыздың табалдырықты аттайтын сәтiне де санаулы күндер қалды. Жаңару мен жасарудың басы саналатын Жылбасы елiмiзде қалай тойланып жүр? Концерт көрiп, киiз үй тiгумен ғана шектелiп жүрген жоқпыз ба? Бiздiкi әлi сол «баяғы жартас, бiр жартас» секiлдi болып келедi. Ендеше Наурызды түлету үшiн, түрлендiру үшiн не iстеуiмiз керек? Осы сауалға бiз жауап iздеп көрген едiк. Оқуды жалғастыру

Наурыз мейрамының маңыздылығын арттыру қажет-М. Әбенов

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ – Міне, көктемнің қуанышын, Күннің шуағын сыйлаған Наурыз мейрамы елімізге құт-берекесін ала келді. ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов ұлық мерекеміз туралы ойларымен бөлісті.

Мұрат Абдуламитұлы, Ұлыстың ұлы күні жақындап қалды, өз ойларыңызбен бөліссеңіз?

– Қазір Наурыз мерекесінің рөлі өте жоғары болып тұр. 2009 жылы қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгерістер енгізілуі арқылы қосымша демалыс күндері пайда болды. Әрине, ол күндерді мәнді де мағыналы өткізу – елімізге сын.

– Наурызды мерекелеу туралы қандай ой-толғамдарыңыз бар?

– Менің айтайын деген бір пікірім бар. Тәуелсіздік алған тұста егемен болғанымызға, ұлттық салт-дәстүріміздің қайта оралғанына қуанып, алғашқы жылдары киіз үй тігіп, тағамдар даярлап, «наурыз көже» пісіріп, бір-бірімізге тойға барумен шектелдік. Наурыз мерекесі бірінші кезекте халық болып тойлаудың рөлін атқарды. Міне, Тәуелсіздігімізге 20 жыл толғалы тұр. Енді осы мерекенің маңыздылығын арттыру керек. Жаңа жыл есебінде жылды қорытындылау, саяси-экономикалық тұрғыда ел болып қол жеткізген жетістіктерімізді саралау қажет.

Мысалы, 31 желтоқсанда әр түрлі байқаулар өткіземіз. Өзіміздің Жаңа жылымыз – 22 наурызда неге сала-сала бойынша әр түрлі сайыстар өткізіп, жеңімпаздарын марапаттамаймыз? Наурызда елдік маңызы зор инновациялық жобалардың тұсаукесерін өткізсек, ғажап болар еді. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мүшелеріне әлеуметтік қолдаулар көрсетілгені жөн. Оқуды жалғастыру

Қазақстан үшін ғарыш саласының алар орны ерекше

Сәуірдің 12-сі – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Адамзат баласының ғарыш кеңістігіне көтерілгеніне 48 жыл толып отыр. Осы орайда әлем елдерінің ұстанған бағыттары, еліміздің ғарыш саласындағы көздеген мақсаттары мен оларды заңдық тұрғыдан жүзеге асыру жолдары туралы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Мұрат Әбенов әңгімелейді. Оқуды жалғастыру

Дағдарысты ауыздықтаудың жемісті қадамдары

Соңғы уақыттағы жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелердің бірі әлемдік қаржы дағдарысы екендігі белгілі. Тіпті соғыс, саяси қақтығыс немесе мемлекет басшысын сайлау сияқты басқа да маңызды мәселелерді тілге тиек етсе де, экономикамен байланыстырып айтылады.Оның үстіне, саясатқа қарағанда қаржы саласы ешкімді бейтарап қалдырмайтыны тағы бар. Бұл жағдайда Елбасы Н.Назарбаевтың «Алдымен – экономика, содан кейін – саясат» деген сөздерінің саяси ұран ғана емес, әлеуметтік саяси тұрақтылықтың қажетті шарты орнықты дамушы экономикаға негізделген мемлекет құрылымының жүйелі қағидаты екендігіне енді бір мәрте көз жеткізе алдық. Егер математикалық тілмен сөйлесек, кез келген жүйенің мейлінше тұрақтылық көрсеткіші қандай да болса ауытқудың болмауымен емес, сол ауытқудың қандай да бір күшті сыртқы ықпалдың әсерінен алдын-ала белгіленген шекарадан шықпауымен бағаланады. Демек, бүгінгі әлемдік қаржы дағдарысы мемлекеттік құрылымның беріктігін сынап отырған әлгі күшті сыртқы ықпалға айналды.  Мұндай жағдайда алдағы оқиғаны болжай білу, елді еш әбігерсіз стратегиялық мақсатқа жетелеу мемлекеттік басқару жүйесінің кемелденгендігін білдірсе керек. Оқуды жалғастыру

Электронды олқылықтар. Мемлекеттік сатып алу: тендерлерді ашық өткізу — бюджеттік қаражатты үнемдеу көзі (17.04.2009)

Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты Жолдауында дағдарыстан шығудың бірден-бір көзі әрі экономикалық өсуге апарар жол ретінде бюджеттің барлық саласы бойынша қатаң үнемдеу жасалып, қаржылық тәртіптің сақталу қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Сондықтан Үкіметке апта сайын мониторинг жүргізу арқылы бюджеттік қаржының пайдаланылуын қадағалау тапсырылған. Бұл Парламент депутаттарына да қатысты айтылған еді. Оқуды жалғастыру

Қымбатшылықтың көкесін тұз қымбаттағанда көреміз

Өткен жылдың 1 қаңтарынан бері күшіне енген Кедендік одақ еліміздің барлық интеграциялық бастамаларының озығы деп ойлаған едік. Аз ғана уақыттан соң Кеден одағының пайдасын көріп, дағдарыстан әлсіреген экономикамызды шұғыл көтеріп аламыз деп сендік. Бірақ «асыққан шалыс басады» демекші, Кеден одағына еніп алған соң ғана, оның келеңсіз тұстарын айта бастадық. Оқуды жалғастыру

Қалада тұрсам да, үйде малға шөп орып, пештің күлін шығардым

-Мұрат мырза, сіз ауылдың қарадомалағысыз ба, әлде«асфальтта» өскен «ақсаусақтардың» қатарынансыз ба?

– Әдемісің бе, әлде ақылдысың ба деген сияқты ма… Мен, бұл жағынан алғанда, әмбебаппын. Ауылда дүниеге келгенмін. Бірақ қалада өстім. Ал, шынын айтқанда, біздің Қызылордада мұның айырмашылығы шамалы. Қалада тұрсам да, үйде малға шөп орып, пештің күлін шығардым.

Оқуды жалғастыру

Аутизммен ауыратындар азаймай тұр (29/06/2010)

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов аутизммен ауыратын балалардың мәселелерін көтеріп, Үкіметбасы Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады. Ресми дерек бойынша, Қазақстанда тұратын 5 миллион баланың 2,5 мыңы аталған сырқатқа шалдыққан. Алайда депутаттың сөзіне қарағанда, шын мәнінде, бұл көрсеткіш үш еседей көп – 7 мыңға жуық болуы әбден мүмкін… Оқуды жалғастыру

Qazaq.kz интернет-журналында шыққан сұхбат (09.11.2010)


Депутатқа сұрақ қой!

Қымбатты оқырман!

Осыдан біраз уақыт бұрын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов мырза оқырмандарымызбен Интернет-конференция өткізген болатын.

Оқуды жалғастыру

Ас тұзы қымбаттаса, әлеуметке қиын сондықтан оған мемлекеттік қолдау қажет

Азық-түлік тауарларының ішінде ас тұзының маңызы зор болғанмен, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде мемлекеттік қолдаудан шет қалып келеді. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке тұз өнеркәсібіне мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау қажеттілігі туралы сауал жолдады.

Оқуды жалғастыру

«Асыл Арна» телеарнасына «Парламент хабаршысы» бағдарламасына берілген сұхбаттың бейне жазбасы

«АСЫЛ АРНА» телеарнасындағы «Паламент хабаршысы» бағдарламасының  авторы Рақат Жақсыбай жүргізген сұхбат барысында (2011 ж. 11 ақпан) Ислам конференциясы ұйымына Қазақстанның төрағалығы және еліміздегі діни ахуал жағдайы талқыланды.

Веб-энциклопедия. Қазақ тілінде ақпарат неге аз?

Кеше Палатаның жалпы отырысында депутат Мұрат Әбенов Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады: «Мені толғандырып отырған мәселелердің бірі – қазақ, яғни мемлекеттік тілдегі интернет-ресурстардың жайы. Соңғы жыл­дары ана тіліміздегі веб-сайттардың саны да, сапасы да еселеп артып келеді.

Оқуды жалғастыру

Нар-маяның жүні – жібек, сүті – бал оны біздің әлі де түсіне алмай отырғанымыз өкінішті

Елімізде мал шаруашылығын дамыту бағытын ұстанғанмен, кейбір саласы назардан тыс қалып отыр. Оның бірі түйе шаруашылығы. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновпен әңгіменің арқауы осы тақырып.

Оқуды жалғастыру