Tag Archives: Мұхтар Құл-Мұхаммед

«Ақша қажет, ал қазақ тілі керек емес» дейтіндерді қалай түсінеміз?

Кеше мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед арқалап келген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелеріне қатысты заң жобасын Парламент Мәжілісінің депутаттары мақұлдап жіберді. Осыған дейін талай қызу талқыға түскен заң жобасы әбден пісіп-жетілген екен. Айрықша атап өтетін дүние – заң жобасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алу үшін конкурсқа қатысатын үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде рәсімдеуді міндеттейді. Ұмытпасақ, заң жобасына бұл өзгертуді Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов енгізген болатын. Алайда кешегі пленарлық отырыста Парламент Мәжілісінің депутаты, бұрымды Бақыт Сыздықова өзінің күмәнді сұрағымен «заңның бұл талабына іштей наразы депутаттар да бар екен-ау» деген ой туғызды.

Салтан Сәкен, Алаш айнасы, 15.09.2011 ж.

Оқуды жалғастыру