Category Archives: Заң жобалары

Электронды ақша. Ол жасырын қаржыны сыртқа шығарудың жолы емес пе?

Күні кешеге дейін валюта айырбастаудың, басқа елдерге ақша аударылымдарын жөнелту мен алудың не екенін білмейтін едік. Бүгін ештеңеге таңғалар емеспіз. Зейнеткерлердің өзі зейнетақыла-рын пластикалық карталармен алатын болса, жүйрік уақыт үйіңнен шықпай, электронды ақша арқылы есеп айырысуға болатындығын көрсетіп отыр. Осы ретте Мәжіліс қоржынына бір жылдан астам бұрын түскен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электронды ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды. «Қазақстанда төлемдер мен қаржылық операцияларды іске асыруда электронды ақшаны шығару мен қолданудың құқықтық негіздерін қалыптастыру мақсатында әзірленді» деген Заң жобасын мәжілісмендер бірден мақұлдай қоймады. Бірінші оқылымда қаралған кезде депутат Серік Темірболатов Үкіметке кері қайтару туралы ұсыныс айтып, дауысқа салу кезінде ол ұсыныс өтпегенмен, екінші оқылымның өзінде депутаттар жобаның кейбір нормаларымен келісе алмай, үшінші оқылымға қалдырды.

Рәзиға Әшеева, «Алтын Орда», 14.04.2011 ж. Оқуды жалғастыру

Электронды ақша заңсыздық құралына айналмауы тиіс

Электронды ақша қарапайым халықтың емес, қалталы компаниялардың ғана игілігіне қызмет ететін түрі бар.Осы аптада Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қаралған сәтте бір топ халық қалаулылары осындай күмәнді пікір білдірді.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті», 31.03.2011 ж.

Мақаланың түпнұсқасы: http://zan.zanmedia.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=3184:2011-03-31-16-31-52&catid=245:1&Itemid=43 Оқуды жалғастыру

Ұлттық банк жалған ақпарат таратыпты

Төлен Тілеубай, Жас қазақ, 01.04.2011 Сәрсенбі күні Мәжіліс депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» жаңа заңның жобасын екінші оқылымда талқылаймыз деп «қара терге» түсті. Оқуды жалғастыру

1 сәуірде Парламенттің біріккен отырысы өтті?

Masa.kz интернет газеті, 01.04.2011 ж. Кеше парламент депуттарының біріккен отырысы болып,«Мемлекеттік тіл туралы заң» жобасы талқылауға түсті. Талқылауға түскен заң жобасы туралы редакциямызға парламент мәжілісінің баспасөз орталығы хабарлады. http://masa.kz/article/view/id/1254 Оқуды жалғастыру

Электронды ақша мәселелері туралы заң жоба үшінші оқылымға қалдырылды

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында 11 мәселе қаралды. Соның ішінде ең көп талқыланғаны әрі қызықтысы «Электронды ақша туралы» Заң жобасы. Екінші оқылымда қаралған бұл құжатқа қатысты депутаттардың пікірі қақ жарылып, халық қалаулылары заң жобасын әлі де толықтыру керек деп үшінші оқылымға жіберді. Жалпы электронды ақша интернетте сауда-саттық жасауға арналған. Ол үшін кез келген адам банктерге барып электронды әмиян ашады.

Оқуды жалғастыру

Ғаламтордағы авторлық құқық

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын қарауды бастадық.

Осы жобаның төңірегінде авторлық құқық туралы заңнамаларға өзгеріс енгізу жоспарлануда. Жақында Алматы қаласында өткен қазақ блогшыларының тұнғыш құрылтайында осы мәселе бойынша көп сұрақтар болған.

Сол себептен ғаламторға байланысты туындайтын ерекше мәселелерді бірге анықтап, шешу жолдарын карастыруға  мүмкіндігіміз бар.

Белсенділік танытыңыздар!

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША АРНАЙЫ БЕТКЕ СІЛТЕМЕ

Жастар саясаты туралы заң күн талабына сай жетілдірілуде

Қымбатты достар!

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеуге кірісті.

Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде аталған заң жобасы бойынша жұмыс тобының құрамына ендім.

Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаменті және «Жастар Мәжілісі» Республикалық қоғамдық бірлестігі жастарға арналған бірқатар заңдарды талқылау және ұсыныстар жіберу үшін арнайы сайт ашты (www.zan.zhastar.kz). Осы сайт арқылы Сіздер заң жобасына өз ұсыныстарыңызды жіберіп, оны талқылап және өз ойыңызды еркін жеткізе аласыз.

Қазіргі қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңмен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Жұмыс тобының қарауына түскен ұсыныстармен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Жастар саясат туралы заңды белсенді түрде талқылауға шақырамын.

АРНАЙЫ ПАРАҚҚА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ ӨТІҢІЗ