Tag Archives: Мәжіліс

Интернеттегі қазақ контентін дамыту туралы ойлар

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ  (фото)Мұрат ӘБЕНОВ: Соңғы жылдары қазақ тіліндегі ресурстар санының өсу ырғағы көрініп тұр. Қа­­­­зір­гі таңда 70 пайыздан астам мектеп оқу­шы­ла­ры мем­лекеттік тілді біледі және олар қазақ тіліндегі ресурстардың әлеуетті қолдану­шы­лары. Қа­­зақ тілін білетін жастардың жаңа буыны өсті, бірақ олардың мәліметтерді қа­зақ тілінде алуға мүм­кіндіктері жоқ. Бұған техникалық жағдайлар да әсерін тигізуде.
Егемен Қазақстан, 23.07.2011 ж., Айнаш Есали, Алматы Оқуды жалғастыру

М.Әбенов: ІІМ Қ.Қасымовқа Қызылорда облысында бүлдіршіндер арасында ұйымдастырылған сән байқауы туралы хат

«Біздің сенген полициямыз бала қыздарымызды сахна төрінде – жұрт алдында шешіндіріп, купальникпен олардың дене, тән сұлулығын сарапқа салғаны, оған үлкендердің қазылық жасап, жүлделі орын белгілеп, әп-әдемі болғандары бала болашағына жасалған қиянат екені анық», – «Ақмешіт ақшамы» газеті.

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ.Н. Қасымовқа

Менің Сіздің атыңызға хат жазуымның негізі ішкі істер органдары тарапынан Қызылорда облысында бүлдіршіндер арасында ұйымдастырылған сән байқауы төңірегінде туындаған жағымсыз қоғамдық пікір болып отыр. Оқуды жалғастыру

Жұмысшылардың еңбек құқықтары қатаң бақылауда

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша Қызылорда облысына іссапар барысында «Нұр Отан» ХДП-ның жанындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі жобасының іске асырылуына мониторинг жасау жөніндегі Сараптама тобының мүшесі ретінде жол құрылысы орындарында болып, онда еңбек етіп жатқан жұмысшылардың жағдайымен таныстым. Оқуды жалғастыру

Құмар ойын – қасірет

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне облысымыздан депутат боп сайланған Мұрат Әбенов өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін дер кезінде көтеріп, оның уақытылы оң шешім табуына ұйытқы болуда. Осындай өзекті мәселенің бірі – өскелең ұрпақтың құмар ойындарға қатысы тақырыбында өрбіген болатын. Жақында халық қалаулысы ойын бизнесін ұйымдастырушы мекемелерді тексеру жөнінде еліміздің бас прокуроры мен Туризм және спорт министріне депутаттық сауал жолдаған еді.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ, «Сыр бойы» газеті, 17.05.2011 ж. Оқуды жалғастыру

Жұмыс берушiлердiң жүгенсiздiгi

Мұрат Әбенов: Қазiргi жұмыс берушiлер еңбек заңдылығы, соған қатысты құжаттарды толық деңгейде жасап отырған жоқ. Көбiнесе жұмыс берушi қызметкердi уақытша алып, қалаған уақытында шығарып жiбередi. Жұмысқа қабылдағанның өзiнде келiсiм-шарт жасамайды. Ал келiсiм-шарт жасаса, оған жұмыстағы қажеттi талаптарды қоспайды.
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ, «Түркістан» газеті, 19.05.2011 ж. Оқуды жалғастыру

Базар бұрыннан келе жатқан сауда жүйесі

Осыдан 2 жыл бұрын Үкімет бағаны тұрақтандыру үшін базарларды жауып, көтерме сауда жүйесіне көшу жөнінде бастама көтерген еді. Бұл бастама сол кездегі бірқатар жобалар сияқты өміршең болмай шықты, ұмытылып та кетті. Шығыс халықтары дәстүрлерінің құрамдас бөлігі болып табылатын базарларды қолдап 2009 жылғы 20 қарашада «Алаш айнасын» газетінің тілшісі Салтан Сәкенге пікірімді білдірген едім. Оқуды жалғастыру

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Мұрат Әбенов: Сыбайлас жемқорлықпен күреске бүкіл қоғам атсалысуы қажет. Бізде ондай заңбұзушылықты көре тұра, қазақшылыққа салып, «арызқой» деген атақтан қашып жүретіндер әлі де көп. Бұл – түбегейлі қателік. Бұл дерттен биліктен бұрын зиян шегетін – қарапайым халық.
«Жас қазақ» газеті, 13.05.2011 ж. Оқуды жалғастыру

Покерден көп ел бас тартты. Ал Қазақстан ше…

Қазақтан сөз артылып па? «Тұйықтан да шығар жол, тамырын бассаң тұйықтың…» Әдемі айтылған сөздің қолданысы да әдемі болса жарар еді, әттең, бүгінде тамыр басушылар – заңның томпақ жерін пайдаланушылар болып барады. Басқаша айтқанда, қисықты заңмен түзетейік десек, ол шіркіннің заңның қисық тұсымен қиыла өтіп, құтылып кетіп жататыны бар. Әңгіме – құмар ойындарының құрдымы жайлы боп отыр. Есірткіден бір елі кем түспейтін құмарпаздықтан ұрпақты құтқару үшін оған заңмен тыйым салып, казино атаулыны қала сыртына оқшауласақ та, ойын бизнесіне олқы соқпай тұр. Әуелгіде ұтыссыз ойын автоматтарымен құқық қорғау органдарының құрығынан құтылғандар, енді міне, елімізде өкінішке қарай, рұқсат беріліп қойған «спорттық покерге» жаппай бет бұрды. Аты ғана «спорттық» демесеңіз, заты – кәдімгі құмар ойын…
Нұрболат АМАНЖОЛ, «Айқын» газеті, 28.04.2011 ж.
Оқуды жалғастыру

«Қалай барғанымды білмеймін, мама, қолымды балтамен шауып тасташы»

Құмар ойындары бойынша интернет-клубтары, заңсыз лотереялар мен спорттық покер ұйымдастырушы мекемелерді тескеру жөніндегі ҚР Бас прокуроры мен Туризм және спорт министріне жолданған депутаттық сауал

Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдары ойын бизнесін мемлекеттік реттеу бойынша заңнама жетілдіріліп, елді мекендерде ойын мекемелерінің орналасуына тыйым салынды және ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жауапкершілігі күшейтілді. Оқуды жалғастыру

Аты – біздікі, заты – бөлек…

Үй ішінен үй тіккен Байқоңыр қаласының тіршілігін ең алғаш студент кезімде сезіндім. Екі-үш күндік мерекелік демалыста шалғай жатқан аулына ба­рып-қайтуға уақыты жетпейтін болғандықтан, әрі жатақханада жалғыз қалуды қаламаған бір курс­тас­ым  Байқоңыр қаласындағы туыстарына барып, де­ма­лып қайтпақшы болды. Мен де Байқоңыр қаласының іргесіндегі Төретам кентіне бармақшы болып, бір­ге жолға шықтық. Беймезгіл уақытта пойыздан түс­кен курстасым бұл уақытта қалаға кіру қиындық туды­ра­тынын, дегенмен біржола үйге жетіп демалғысы ке­ліп тұрған ниетін жеткіз­ді. Ертеңіне түс ауа хабар­лас­­қанымда курстасымның по­йыз­дан түскелі бері поли­ция бөлімшесінде тергеуде отыр­­ғанын, ұялы теле­фонына да қолы енді жеткенін есті­д­ім. Сондағы бар жазығы – кешкі мезгілде Байқоңыр қала­сын­дағы туыстарына жетпек болғаны. Бір тәулік тергеуде бол­ған курстасымды  ертеңіне кепілдікпен туыстары әзер босатып алды.
Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ, «Алаш айнасы» газеті, 12.04.2011 ж.
http://alashainasy.kz/politics/21321/ Оқуды жалғастыру

Ғарыш тақырыбындағы фантастикалық әңгімелерге бәйге жарияланды

Бүгіннен бастап Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен адамның ғарышқа алғашқы сапарының 50 жылдығына орай, жастар арасында «Байқоңыр-2011» атты халықаралық фантастикалық әңгімелер байқауы басталды. Кеше елордадағы «Назарбаев университеті» АҚ ғимаратында осы мәселеге қатысты арнайы баспасөз мәслихаты болып өтті.
Қанат Қазы, «Алаш айнасы» газеті, 12.04.2011 ж.
http://alashainasy.kz/society/21300/

Оқуды жалғастыру

«Жар басында жалғыз үй» депутаттық сауалға түрткі

Masa.kz интернет-газетінде жарияланған «Жар басында жалғыз үй» атты арнайы фоторепортаж бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен Алматы қаласының әкіміне жолданған депутаттық сауал

2011 жылғы 13 сәуірде жарияланды.
Менің депутаттық сауалыма түрткі болып отырған http://masa.kz/article/view/id/1327 интернет-газетінде жарияланған «Жар басында жалғыз үй» атты арнайы фоторепортаж. Бұл репортаж басқа мемлекеттік органдармен қатар Парламент депутаттарының назарына да жолданған екен. Оқуды жалғастыру

Ұлттық банк жалған ақпарат таратыпты

Төлен Тілеубай, Жас қазақ, 01.04.2011 Сәрсенбі күні Мәжіліс депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» жаңа заңның жобасын екінші оқылымда талқылаймыз деп «қара терге» түсті. Оқуды жалғастыру

Электронды ақша мәселелері туралы заң жоба үшінші оқылымға қалдырылды

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында 11 мәселе қаралды. Соның ішінде ең көп талқыланғаны әрі қызықтысы «Электронды ақша туралы» Заң жобасы. Екінші оқылымда қаралған бұл құжатқа қатысты депутаттардың пікірі қақ жарылып, халық қалаулылары заң жобасын әлі де толықтыру керек деп үшінші оқылымға жіберді. Жалпы электронды ақша интернетте сауда-саттық жасауға арналған. Ол үшін кез келген адам банктерге барып электронды әмиян ашады.

Оқуды жалғастыру

Ғаламтордағы авторлық құқық

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын қарауды бастадық.

Осы жобаның төңірегінде авторлық құқық туралы заңнамаларға өзгеріс енгізу жоспарлануда. Жақында Алматы қаласында өткен қазақ блогшыларының тұнғыш құрылтайында осы мәселе бойынша көп сұрақтар болған.

Сол себептен ғаламторға байланысты туындайтын ерекше мәселелерді бірге анықтап, шешу жолдарын карастыруға  мүмкіндігіміз бар.

Белсенділік танытыңыздар!

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША АРНАЙЫ БЕТКЕ СІЛТЕМЕ

Ырысты өнім күріш

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Мұрат Әбенов Республика Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке сауал жолдады. Кеден одағына кірудің ұтымды жақтары көп екені анық. Бұл әрі 170 млн. адам құрайтын ауқымды өнім өткізу нарығы, әрі $ 600 млрд. көлеміндегі мемлекеттеріміздің өндірістік әлеуеті. Оқуды жалғастыру

Ғарыш саласының қарышты қадамдары – кемелді келешек кепілі

Қазіргі әлемдік экономикада дамудың қозғаушы күші ретінде білім мен технологиялық инновацияларды пайдалану базасында экономикалық өсудің жаңа тұрпаты қалыптасты.

Ғылыми-техникалық әлеует және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әртараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғау-шы күші болары сөзсіз. Оқуды жалғастыру

Наурыз мейрамының маңыздылығын арттыру қажет-М. Әбенов

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ – Міне, көктемнің қуанышын, Күннің шуағын сыйлаған Наурыз мейрамы елімізге құт-берекесін ала келді. ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов ұлық мерекеміз туралы ойларымен бөлісті.

Мұрат Абдуламитұлы, Ұлыстың ұлы күні жақындап қалды, өз ойларыңызбен бөліссеңіз?

– Қазір Наурыз мерекесінің рөлі өте жоғары болып тұр. 2009 жылы қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгерістер енгізілуі арқылы қосымша демалыс күндері пайда болды. Әрине, ол күндерді мәнді де мағыналы өткізу – елімізге сын.

– Наурызды мерекелеу туралы қандай ой-толғамдарыңыз бар?

– Менің айтайын деген бір пікірім бар. Тәуелсіздік алған тұста егемен болғанымызға, ұлттық салт-дәстүріміздің қайта оралғанына қуанып, алғашқы жылдары киіз үй тігіп, тағамдар даярлап, «наурыз көже» пісіріп, бір-бірімізге тойға барумен шектелдік. Наурыз мерекесі бірінші кезекте халық болып тойлаудың рөлін атқарды. Міне, Тәуелсіздігімізге 20 жыл толғалы тұр. Енді осы мерекенің маңыздылығын арттыру керек. Жаңа жыл есебінде жылды қорытындылау, саяси-экономикалық тұрғыда ел болып қол жеткізген жетістіктерімізді саралау қажет.

Мысалы, 31 желтоқсанда әр түрлі байқаулар өткіземіз. Өзіміздің Жаңа жылымыз – 22 наурызда неге сала-сала бойынша әр түрлі сайыстар өткізіп, жеңімпаздарын марапаттамаймыз? Наурызда елдік маңызы зор инновациялық жобалардың тұсаукесерін өткізсек, ғажап болар еді. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мүшелеріне әлеуметтік қолдаулар көрсетілгені жөн. Оқуды жалғастыру

Қазақстан үшін ғарыш саласының алар орны ерекше

Сәуірдің 12-сі – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Адамзат баласының ғарыш кеңістігіне көтерілгеніне 48 жыл толып отыр. Осы орайда әлем елдерінің ұстанған бағыттары, еліміздің ғарыш саласындағы көздеген мақсаттары мен оларды заңдық тұрғыдан жүзеге асыру жолдары туралы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Мұрат Әбенов әңгімелейді. Оқуды жалғастыру

Дағдарысты ауыздықтаудың жемісті қадамдары

Соңғы уақыттағы жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелердің бірі әлемдік қаржы дағдарысы екендігі белгілі. Тіпті соғыс, саяси қақтығыс немесе мемлекет басшысын сайлау сияқты басқа да маңызды мәселелерді тілге тиек етсе де, экономикамен байланыстырып айтылады.Оның үстіне, саясатқа қарағанда қаржы саласы ешкімді бейтарап қалдырмайтыны тағы бар. Бұл жағдайда Елбасы Н.Назарбаевтың «Алдымен – экономика, содан кейін – саясат» деген сөздерінің саяси ұран ғана емес, әлеуметтік саяси тұрақтылықтың қажетті шарты орнықты дамушы экономикаға негізделген мемлекет құрылымының жүйелі қағидаты екендігіне енді бір мәрте көз жеткізе алдық. Егер математикалық тілмен сөйлесек, кез келген жүйенің мейлінше тұрақтылық көрсеткіші қандай да болса ауытқудың болмауымен емес, сол ауытқудың қандай да бір күшті сыртқы ықпалдың әсерінен алдын-ала белгіленген шекарадан шықпауымен бағаланады. Демек, бүгінгі әлемдік қаржы дағдарысы мемлекеттік құрылымның беріктігін сынап отырған әлгі күшті сыртқы ықпалға айналды.  Мұндай жағдайда алдағы оқиғаны болжай білу, елді еш әбігерсіз стратегиялық мақсатқа жетелеу мемлекеттік басқару жүйесінің кемелденгендігін білдірсе керек. Оқуды жалғастыру

Электронды олқылықтар. Мемлекеттік сатып алу: тендерлерді ашық өткізу — бюджеттік қаражатты үнемдеу көзі (17.04.2009)

Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты Жолдауында дағдарыстан шығудың бірден-бір көзі әрі экономикалық өсуге апарар жол ретінде бюджеттің барлық саласы бойынша қатаң үнемдеу жасалып, қаржылық тәртіптің сақталу қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Сондықтан Үкіметке апта сайын мониторинг жүргізу арқылы бюджеттік қаржының пайдаланылуын қадағалау тапсырылған. Бұл Парламент депутаттарына да қатысты айтылған еді. Оқуды жалғастыру

Е-Үкімет қазақ тілін неге түсінбейді? (01.03.2010)

Мемлекеттік, атқарушы органдардың сайттарындағы қазақ тіліндегі ақпарат орыс тіліне қарағанда екі есеге дейін аз. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында депутат Мұрат Әбенов  осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні қазақ тілінде, мемлекеттік тілде қызмет көрсететін интернет желілері мүлдем жеткіліксіз, өте аз санды құрап отыр. Бұл еліміздегі барлық тіркелген, жұмыс істеп тұрған сайттардың 1 пайызына ғана тең. Қазақстанда тіркелген сайттардың басым бөлігі, мейлі ол ресми органның сайты болсын, мейлі коммерциялық құрылым болсын, орысша жұмыс істейді. Бұған сырттан қосылатын орыс тілді сайттарды қосыңыз. Бұдан бөлек, «электрондық үкімет» веб-порталындағы материалдардың басым бөлігі негізінен орыс тілінде жүргізіледі. Ал мемлекеттік сатып алу порталында негізгі бетінде қазақша ақпарат болғанымен, қалған барлық хабарламалар осы уақытқа дейін тек қана орыс тілінде жүргізіліп келеді. Ендеше, мемлекеттік сатып алулар үдерісіне қатысам деушілер ол бойынша мемлекеттік тілде бірде-бір ақпарат ала алмайды деген сөз. Бұның өзі заң бұзушылыққа жатады», деді М. Әбенов.

Сонымен бірге, депутат Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің қолдауымен жүзеге асқан жобалардың да басым бөлігі мемлекеттік тілге келгенде ақсап қалатынын алға тартты. Оның айтуынша, Агенттіктің қолдауымен енгізілген «Kaztube» ұлттық ойын-сауық бейне порталында, сол секілді мемлекеттік органдардың бірқатар сайттарында қазақша «іздеу» мүлдем жұмыс істемейді. «Бұның өзі еліміздегі интернет-жобалардың әдеттегіше алдымен орыс тілінде әзірленетінін, сосын кейін ғана аударылатынын білдіреді. Сол себепті  мемлекеттік тілге қатысты қазақстандық интернет сегментінде үлкен кемшіліктер орын алып отыр. Жалпы, мемлекеттік, атқарушы органдардың сайттарындағы қазақ тіліндегі ақпараттар орыс тіліне қарағанда екі есеге дейін аз. Бұны дұрыстау қажет», деді М. Әбенов.

АСТАНА. 2010 жылғы 1 наурыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/

Сыр еліне сапар

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты  М.ӘБЕНОВТІҢ

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

2011 жылғы 1-5 наурыз

Оқуды жалғастыру

Қымбатшылықтың көкесін тұз қымбаттағанда көреміз

Өткен жылдың 1 қаңтарынан бері күшіне енген Кедендік одақ еліміздің барлық интеграциялық бастамаларының озығы деп ойлаған едік. Аз ғана уақыттан соң Кеден одағының пайдасын көріп, дағдарыстан әлсіреген экономикамызды шұғыл көтеріп аламыз деп сендік. Бірақ «асыққан шалыс басады» демекші, Кеден одағына еніп алған соң ғана, оның келеңсіз тұстарын айта бастадық. Оқуды жалғастыру

Қалада тұрсам да, үйде малға шөп орып, пештің күлін шығардым

-Мұрат мырза, сіз ауылдың қарадомалағысыз ба, әлде«асфальтта» өскен «ақсаусақтардың» қатарынансыз ба?

– Әдемісің бе, әлде ақылдысың ба деген сияқты ма… Мен, бұл жағынан алғанда, әмбебаппын. Ауылда дүниеге келгенмін. Бірақ қалада өстім. Ал, шынын айтқанда, біздің Қызылордада мұның айырмашылығы шамалы. Қалада тұрсам да, үйде малға шөп орып, пештің күлін шығардым.

Оқуды жалғастыру

Аутизммен ауыратындар азаймай тұр (29/06/2010)

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов аутизммен ауыратын балалардың мәселелерін көтеріп, Үкіметбасы Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады. Ресми дерек бойынша, Қазақстанда тұратын 5 миллион баланың 2,5 мыңы аталған сырқатқа шалдыққан. Алайда депутаттың сөзіне қарағанда, шын мәнінде, бұл көрсеткіш үш еседей көп – 7 мыңға жуық болуы әбден мүмкін… Оқуды жалғастыру

Ас тұзы қымбаттаса, әлеуметке қиын сондықтан оған мемлекеттік қолдау қажет

Азық-түлік тауарларының ішінде ас тұзының маңызы зор болғанмен, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде мемлекеттік қолдаудан шет қалып келеді. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке тұз өнеркәсібіне мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау қажеттілігі туралы сауал жолдады.

Оқуды жалғастыру

«Асыл Арна» телеарнасына «Парламент хабаршысы» бағдарламасына берілген сұхбаттың бейне жазбасы

«АСЫЛ АРНА» телеарнасындағы «Паламент хабаршысы» бағдарламасының  авторы Рақат Жақсыбай жүргізген сұхбат барысында (2011 ж. 11 ақпан) Ислам конференциясы ұйымына Қазақстанның төрағалығы және еліміздегі діни ахуал жағдайы талқыланды.

Веб-энциклопедия. Қазақ тілінде ақпарат неге аз?

Кеше Палатаның жалпы отырысында депутат Мұрат Әбенов Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады: «Мені толғандырып отырған мәселелердің бірі – қазақ, яғни мемлекеттік тілдегі интернет-ресурстардың жайы. Соңғы жыл­дары ана тіліміздегі веб-сайттардың саны да, сапасы да еселеп артып келеді.

Оқуды жалғастыру

Қазақ тіліндегі виртуалды энциклопедияларды қолдау туралы Үкімет Басшысының атына депутаттық сауал

2011 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Үкімет Басшысы К. Мәсімовке қазақ тіліндегі виртуалды энциклопедияларға қолдау көрсету туралы депутаттық сауал жолдады.Бүгінгі заман – ақпарат пен интернет заманы. Бұны Өзіңіз де жақсы білесіз, шаршамай айтып та, насихаттап та жүрсіз. Осы тұрғыда Үкіметтің атқарған жұмысы да аз емес.

Оқуды жалғастыру

Нар-маяның жүні – жібек, сүті – бал оны біздің әлі де түсіне алмай отырғанымыз өкінішті

Елімізде мал шаруашылығын дамыту бағытын ұстанғанмен, кейбір саласы назардан тыс қалып отыр. Оның бірі түйе шаруашылығы. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновпен әңгіменің арқауы осы тақырып.

Оқуды жалғастыру

Түйе өсіріп, өнімін ұлттық брендке айналдыру үшін нақты мемлекеттік саясат қажет

Ықылым заманнан қазақтың тыныс‑тіршілігі, күн көрісі өзі қадірлейтін төрт түлікке, оның өсіміне, өніміне байланысты болғаны рас. Сонымен бірге халық арасында «мал‑жанды» қатар сұрастырып жатуы да төрт түліктің тіршілігіне бей‑жайлықпен қарамайтындығын білдіреді. Ілгері заманда солай болса, азық‑түлік қауіпсіздігінің рөлі артып отырған бүгінгі заманда қазақ үшін ата‑бабасы ерекше қадірін білген мал өніміне қатысты көзқарасты одан сайын тереңдете түсетін уақыт жеткен тәрізді.

Оқуды жалғастыру

Байқоңыр – жұмбақ қала?

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов: Дүниежүзінде дамыған мемлекет­тердің тәжірибесінен байқалғандай, ғарыш саласына салған 1 доллардың қайтарымы 6-7 доллар. Демек, әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайына қарамастан, ғарыш державалары ғарыш саласына қаржы құюды ұлғайтып келеді. Яғни құйған қаржының қайтарымы екі-үш есе екенін жоғарыда атап өттік. Оқуды жалғастыру

Түйе шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша Үкімет Басшысы атына жолданған депутаттық сауал

2010 жылғы 8 желтоқсанда жарияланды.

Еліміздің азық-түлік кешені жүйесінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту ауыл шарушылығы саласының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Осы орайда жоғары сапалы, экологиялық тұрғыда таза және бәсекеге қабілетті өнімді (ет, сүт және жүн) өндірудің қосымша қоры бар мал шаруашылығының дәстүрлі саласының бірі – түйе шаруашылығы.

Оқуды жалғастыру

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов «Азамат» пікірсайыс клубының мүшелерімен кездесті

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғимаратында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов республика жастарының белсенді бөлігі – «Азамат» пікір-сайыс клубының мүшелерімен кездесті. Онда қоғамдағы өзекті мәселелер қызу талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқуды жалғастыру