Tag Archives: қазақ

Наурыз мейрамының маңыздылығын арттыру қажет-М. Әбенов

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ – Міне, көктемнің қуанышын, Күннің шуағын сыйлаған Наурыз мейрамы елімізге құт-берекесін ала келді. ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов ұлық мерекеміз туралы ойларымен бөлісті.

Мұрат Абдуламитұлы, Ұлыстың ұлы күні жақындап қалды, өз ойларыңызбен бөліссеңіз?

– Қазір Наурыз мерекесінің рөлі өте жоғары болып тұр. 2009 жылы қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгерістер енгізілуі арқылы қосымша демалыс күндері пайда болды. Әрине, ол күндерді мәнді де мағыналы өткізу – елімізге сын.

– Наурызды мерекелеу туралы қандай ой-толғамдарыңыз бар?

– Менің айтайын деген бір пікірім бар. Тәуелсіздік алған тұста егемен болғанымызға, ұлттық салт-дәстүріміздің қайта оралғанына қуанып, алғашқы жылдары киіз үй тігіп, тағамдар даярлап, «наурыз көже» пісіріп, бір-бірімізге тойға барумен шектелдік. Наурыз мерекесі бірінші кезекте халық болып тойлаудың рөлін атқарды. Міне, Тәуелсіздігімізге 20 жыл толғалы тұр. Енді осы мерекенің маңыздылығын арттыру керек. Жаңа жыл есебінде жылды қорытындылау, саяси-экономикалық тұрғыда ел болып қол жеткізген жетістіктерімізді саралау қажет.

Мысалы, 31 желтоқсанда әр түрлі байқаулар өткіземіз. Өзіміздің Жаңа жылымыз – 22 наурызда неге сала-сала бойынша әр түрлі сайыстар өткізіп, жеңімпаздарын марапаттамаймыз? Наурызда елдік маңызы зор инновациялық жобалардың тұсаукесерін өткізсек, ғажап болар еді. Әр түрлі деңгейдегі қоғам мүшелеріне әлеуметтік қолдаулар көрсетілгені жөн. Оқуды жалғастыру