Алматыға қауіп төндіріп тұрған тау көлдері жеткілікті түрде бақылауда тұр деп ойлайсыз ба?

Мұрат ӘБЕНОВ, Мәжіліс депутаты:
– Батыс Қазақстандағы су тасқыны, Қызылағаштағы жағдайлардан кейін біздегі қа­уіпті аймақтар «жіті бақылауда тұр» деп ауыз толтырып айта алмаймын. Өйткені осы уақытқа дейін көптеген ақпарат халыққа кеш таратылып отыр. Яғни Төтенше жағ­дайлар министрлігі тек болып кеткен апаттарды реттеумен ғана айналысып отыр­ған секілді болып көрінеді. Ал оның алдын алуға, халықты дер кезінде хабардар ету­ге, ұйымдастырушылық шараларын ыждаһатты жүргізуге олардың мүмкіншіліктері аз, ескі әдіспен жұмыс істеп отыр. Сондықтан Алматыдағы тау көлдерінің барлығы ба­қылауда, қауіпсіз деңгейде тұр дегенге сенгім келмейді. Оның үстіне плотиналардың бар­лығы кеңестік кезде салынған ескі нысандар. Күні кеше ғана Алматыда бір емес, екі күн қатарынан жер сілкінісі орын алды. Мұндай зілзалалар кейбір тектоникалық жа­рылуларға әкеліп соғып, оның арты көл арнасының тасуына ықпал етуі мүмкін. Се­бебі техникалық жағынан дамыған Жапонияда дәл осындай жағдай болды. Біздегі жер сілкінісі Қапшағайдың плотинасына қаншалықты әсер етті? Алматының ай­наласындағы тау көлдеріне зиянын тигізбеді ме? Мұны зерттеп отырған кім бар? Осы­ны жіті қадағалап отыратын ғылыми-зерттеу институттары не істеп отыр? Тіп­­ті олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасайтын қондырғылары да ескі. Енді осын­­дай жағдайдың барлығын біле тұра, тау көлдерінің барлығы жеткілікті дәрежеде ба­қылауда тұр деп қалай айтамыз?
«Алаш айнасы» газеті, 04.05.2011 ж. 

Пікір қалдыру