Tag Archives: депутатық сауал

Покерден көп ел бас тартты. Ал Қазақстан ше…

Қазақтан сөз артылып па? «Тұйықтан да шығар жол, тамырын бассаң тұйықтың…» Әдемі айтылған сөздің қолданысы да әдемі болса жарар еді, әттең, бүгінде тамыр басушылар – заңның томпақ жерін пайдаланушылар болып барады. Басқаша айтқанда, қисықты заңмен түзетейік десек, ол шіркіннің заңның қисық тұсымен қиыла өтіп, құтылып кетіп жататыны бар. Әңгіме – құмар ойындарының құрдымы жайлы боп отыр. Есірткіден бір елі кем түспейтін құмарпаздықтан ұрпақты құтқару үшін оған заңмен тыйым салып, казино атаулыны қала сыртына оқшауласақ та, ойын бизнесіне олқы соқпай тұр. Әуелгіде ұтыссыз ойын автоматтарымен құқық қорғау органдарының құрығынан құтылғандар, енді міне, елімізде өкінішке қарай, рұқсат беріліп қойған «спорттық покерге» жаппай бет бұрды. Аты ғана «спорттық» демесеңіз, заты – кәдімгі құмар ойын…
Нұрболат АМАНЖОЛ, «Айқын» газеті, 28.04.2011 ж.
Оқуды жалғастыру

«Қалай барғанымды білмеймін, мама, қолымды балтамен шауып тасташы»

Құмар ойындары бойынша интернет-клубтары, заңсыз лотереялар мен спорттық покер ұйымдастырушы мекемелерді тескеру жөніндегі ҚР Бас прокуроры мен Туризм және спорт министріне жолданған депутаттық сауал

Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдары ойын бизнесін мемлекеттік реттеу бойынша заңнама жетілдіріліп, елді мекендерде ойын мекемелерінің орналасуына тыйым салынды және ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жауапкершілігі күшейтілді. Оқуды жалғастыру

«Жар басында жалғыз үй» депутаттық сауалға түрткі

Masa.kz интернет-газетінде жарияланған «Жар басында жалғыз үй» атты арнайы фоторепортаж бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен Алматы қаласының әкіміне жолданған депутаттық сауал

2011 жылғы 13 сәуірде жарияланды.
Менің депутаттық сауалыма түрткі болып отырған http://masa.kz/article/view/id/1327 интернет-газетінде жарияланған «Жар басында жалғыз үй» атты арнайы фоторепортаж. Бұл репортаж басқа мемлекеттік органдармен қатар Парламент депутаттарының назарына да жолданған екен. Оқуды жалғастыру

Ырысты өнім күріш

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Мұрат Әбенов Республика Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке сауал жолдады. Кеден одағына кірудің ұтымды жақтары көп екені анық. Бұл әрі 170 млн. адам құрайтын ауқымды өнім өткізу нарығы, әрі $ 600 млрд. көлеміндегі мемлекеттеріміздің өндірістік әлеуеті. Оқуды жалғастыру

Электронды олқылықтар. Мемлекеттік сатып алу: тендерлерді ашық өткізу — бюджеттік қаражатты үнемдеу көзі (17.04.2009)

Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты Жолдауында дағдарыстан шығудың бірден-бір көзі әрі экономикалық өсуге апарар жол ретінде бюджеттің барлық саласы бойынша қатаң үнемдеу жасалып, қаржылық тәртіптің сақталу қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Сондықтан Үкіметке апта сайын мониторинг жүргізу арқылы бюджеттік қаржының пайдаланылуын қадағалау тапсырылған. Бұл Парламент депутаттарына да қатысты айтылған еді. Оқуды жалғастыру

Қымбатшылықтың көкесін тұз қымбаттағанда көреміз

Өткен жылдың 1 қаңтарынан бері күшіне енген Кедендік одақ еліміздің барлық интеграциялық бастамаларының озығы деп ойлаған едік. Аз ғана уақыттан соң Кеден одағының пайдасын көріп, дағдарыстан әлсіреген экономикамызды шұғыл көтеріп аламыз деп сендік. Бірақ «асыққан шалыс басады» демекші, Кеден одағына еніп алған соң ғана, оның келеңсіз тұстарын айта бастадық. Оқуды жалғастыру

Аутизммен ауыратындар азаймай тұр (29/06/2010)

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов аутизммен ауыратын балалардың мәселелерін көтеріп, Үкіметбасы Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады. Ресми дерек бойынша, Қазақстанда тұратын 5 миллион баланың 2,5 мыңы аталған сырқатқа шалдыққан. Алайда депутаттың сөзіне қарағанда, шын мәнінде, бұл көрсеткіш үш еседей көп – 7 мыңға жуық болуы әбден мүмкін… Оқуды жалғастыру

Ас тұзы қымбаттаса, әлеуметке қиын сондықтан оған мемлекеттік қолдау қажет

Азық-түлік тауарларының ішінде ас тұзының маңызы зор болғанмен, ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде мемлекеттік қолдаудан шет қалып келеді. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке тұз өнеркәсібіне мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау қажеттілігі туралы сауал жолдады.

Оқуды жалғастыру

Веб-энциклопедия. Қазақ тілінде ақпарат неге аз?

Кеше Палатаның жалпы отырысында депутат Мұрат Әбенов Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады: «Мені толғандырып отырған мәселелердің бірі – қазақ, яғни мемлекеттік тілдегі интернет-ресурстардың жайы. Соңғы жыл­дары ана тіліміздегі веб-сайттардың саны да, сапасы да еселеп артып келеді.

Оқуды жалғастыру

Қазақ тіліндегі виртуалды энциклопедияларды қолдау туралы Үкімет Басшысының атына депутаттық сауал

2011 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Үкімет Басшысы К. Мәсімовке қазақ тіліндегі виртуалды энциклопедияларға қолдау көрсету туралы депутаттық сауал жолдады.Бүгінгі заман – ақпарат пен интернет заманы. Бұны Өзіңіз де жақсы білесіз, шаршамай айтып та, насихаттап та жүрсіз. Осы тұрғыда Үкіметтің атқарған жұмысы да аз емес.

Оқуды жалғастыру

Нар-маяның жүні – жібек, сүті – бал оны біздің әлі де түсіне алмай отырғанымыз өкінішті

Елімізде мал шаруашылығын дамыту бағытын ұстанғанмен, кейбір саласы назардан тыс қалып отыр. Оның бірі түйе шаруашылығы. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновпен әңгіменің арқауы осы тақырып.

Оқуды жалғастыру

Түйе өсіріп, өнімін ұлттық брендке айналдыру үшін нақты мемлекеттік саясат қажет

Ықылым заманнан қазақтың тыныс‑тіршілігі, күн көрісі өзі қадірлейтін төрт түлікке, оның өсіміне, өніміне байланысты болғаны рас. Сонымен бірге халық арасында «мал‑жанды» қатар сұрастырып жатуы да төрт түліктің тіршілігіне бей‑жайлықпен қарамайтындығын білдіреді. Ілгері заманда солай болса, азық‑түлік қауіпсіздігінің рөлі артып отырған бүгінгі заманда қазақ үшін ата‑бабасы ерекше қадірін білген мал өніміне қатысты көзқарасты одан сайын тереңдете түсетін уақыт жеткен тәрізді.

Оқуды жалғастыру

Түйе шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша Үкімет Басшысы атына жолданған депутаттық сауал

2010 жылғы 8 желтоқсанда жарияланды.

Еліміздің азық-түлік кешені жүйесінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайту ауыл шарушылығы саласының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Осы орайда жоғары сапалы, экологиялық тұрғыда таза және бәсекеге қабілетті өнімді (ет, сүт және жүн) өндірудің қосымша қоры бар мал шаруашылығының дәстүрлі саласының бірі – түйе шаруашылығы.

Оқуды жалғастыру

Сабақ алуымыздың сиқы осы ма?

 

«Апат айтып келмейді» десек те, «көндей қатқан бейқамдығымыздан арылдық» деу қиын. Міне, осы өзекті мәселені қаузаған Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мен республиканың Бас прокуроры Қайрат Мәмиге депутаттық сауал жолдады.

Оқуды жалғастыру

Жастар жаңашыл келеді

Дағдарыс жағдайында жастар тұрғындардың әлсіз топтарының бірі ретінде қабылдануда.  Қазіргі кезде әлемдегі жұмыссыздар саны­ның 50 пайызын жастар құрап отыр. Ал, қысқартуға алғашқылар қатарында жас мамандар ілігетіндігі кімді де болса бей-жай қалдыра қой­мас. Халықаралық сарапшылар­дың бағалауынша, жақын арада жұмыссыздық та жасара түсетін сыңайлы. Оқуды жалғастыру

Қызылорда күйеге бөгіп тұр

Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутаттардың бірі Мұрат Әбенов Салық кодексіне азот тотықтары және күйе шығарындыларына төлем ставкасын бекіту жөнінде өзгерістер енгізу қажеттігін айтты.

«Өткен жылы қабылданған Салық кодексінің басты мақсаттарының бірі жер қойнауын өндірушілерге салық жүктемесін ұлғайтып, басқа салаларға азайту. Қолданысқа енгізілетін Салық кодексінің 495-бабының 3-тармағына тек қана көмірсутектер, көміртотықтар және метан ластаушы заттардың төлем ставкалары белгіленген. Ал ілеспе газдарды жаққанда шығарылатын ластағыш заттар азот тотықтары және күйе үшін төлем ставкалары белгіленбей қалған. Азот тотықтары да, күйе де қоршаған ортаны ластаушы және тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізетін зиянды заттар. Айта кету керек, ілеспе газдар жаққанда шығарылатын Салық кодексіне енбей қалған азот тотықтары және күйе көлемі шартты тоннаға айналдырғанда, барлық ластаушы заттардың 92 пайызын құрайды», деді ол.

Депутаттың сөзіне қарағанда, Бас прокуратураның жүргізген жұмыстары барысында Салық кодексіндегі қоршаған ортаны ластау үшін төлемдерді есептеудің аталған жаңа тәртібі жер қойнауын пайдаланушыларға салық жүктемесін 100 еседен аса азайтатыны анықталған. Сол себептен бұл мәселе мұнай өндіруші өнірлердің жергілікті бюджеттерінің орындалмауына алып келуі ықтимал болып отыр. «Мысалы, Қызылорда облысының бюджетінде қоршаған ортаны ластағыш заттардан түсетін төлем көлемі 1 млрд. 500 млн. теңге деп бекітілген. Дегенмен, азот тотықтары және күйе үшін төлем ставкалары белгіленбегендіктен жергілікті бюджетке 1 млрд. 220 млн. теңге қаржы түспеуі және бюджеттік түсімдердің орындалмауы күтілуде. Бұл өз кезегінде әлеуметтік бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылмауына алып келеді. Осындай жағдай басқа мұнай өндіруші облыстарда орын алып отыр», деді депутат.

Оның сөзінен ұққанымыздай, Салық кодексінде азот тотықтары және күйе үшін төлем ставкалары белгіленбеуі Қызылорда облысының экологиялық қолайсыз жағдайына және әлеуметтік-экономикалық ахуалына кері әсерін тигізеді.

Заң газеті, №10, 23 қаңтар 2009 жыл

 

Арал теңізі және балық шаруашылығы проблемаларын оң шешу үшін бірқатар кешенді шаралар қолға алынуы тиіс ( «Егемен Қазақстан» )

Қызылорда облысы экология­лық апат ай­мағы болып санала­тын­дықтан, бұл аймақ тұр­ғын­да­рының денсаулығын сақтау мә­селелері, әрине, ерекше назар ау­даруды қажет етеді.

Осы ретте Министрлер Ка­бинетіне Қы­зылорда облысының денсаулық сақтау мекемелерінің штаттық санын 595 бірлікке арттыру және ана мен бала өлімі көрсеткішін төмендетуге арналған дәрі-дәрмектерді сатып алуға қосымша қаржы бөлу жөнінде жасаған біздің соңғы бір топ депутаттардың ұсынысы қолдау тапқанына алғыс білдіреміз. Оқуды жалғастыру