Tag Archives: күріш

Ырысты өнім күріш

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Мұрат Әбенов Республика Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке сауал жолдады. Кеден одағына кірудің ұтымды жақтары көп екені анық. Бұл әрі 170 млн. адам құрайтын ауқымды өнім өткізу нарығы, әрі $ 600 млрд. көлеміндегі мемлекеттеріміздің өндірістік әлеуеті. Оқуды жалғастыру

Күрішіміз «қартайып» барады

Бұрындары «индустриализация» дегенде, ең озық технологияларды қажетсінетін ірі өндірістік салаларды айтатын едік. Ал бұл жолы маңызды жеті бағыттың ішінен бірінші болып аграрлық сала аталды. Оқуды жалғастыру

Күріш — бидайдан кейінгі маңызды дәнді дақыл Оған қатысты проблемаларды бүгін шешпесек, ертең кеш қаламыз

Мұрат ӘБЕНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты

Осы мақаланы жазуыма күрішке деген әлемдік бағаның күрт өсуімен байланысты қалыптасқан жағдай және отандық күріш шаруашылығы саласындағы проблемалар себеп болып отыр. Оқуды жалғастыру

Парламент мәжілісінің депутаты М.Әбенов: Мәселе су тапшылығында емес…

Ауыл шаруашылығы Министрлігі баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сүйенер болсақ «Сырдария өзенінің Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің аумағында су тапшылығы сезіліп отыр. Үшқорғаннан Шардара су қоймасына дейінгі аралықтағы су мөлшері жылдағыдан 20-30% -ға аз болуы мүмкін деген болжам бар. Сонымен қатар, Қарадария өзенінің арнасынан да су жылдағыдан аз болуы мүмкін. Оқуды жалғастыру