Дағдарысты ауыздықтаудың жемісті қадамдары

Соңғы уақыттағы жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелердің бірі әлемдік қаржы дағдарысы екендігі белгілі. Тіпті соғыс, саяси қақтығыс немесе мемлекет басшысын сайлау сияқты басқа да маңызды мәселелерді тілге тиек етсе де, экономикамен байланыстырып айтылады.Оның үстіне, саясатқа қарағанда қаржы саласы ешкімді бейтарап қалдырмайтыны тағы бар. Бұл жағдайда Елбасы Н.Назарбаевтың «Алдымен – экономика, содан кейін – саясат» деген сөздерінің саяси ұран ғана емес, әлеуметтік саяси тұрақтылықтың қажетті шарты орнықты дамушы экономикаға негізделген мемлекет құрылымының жүйелі қағидаты екендігіне енді бір мәрте көз жеткізе алдық. Егер математикалық тілмен сөйлесек, кез келген жүйенің мейлінше тұрақтылық көрсеткіші қандай да болса ауытқудың болмауымен емес, сол ауытқудың қандай да бір күшті сыртқы ықпалдың әсерінен алдын-ала белгіленген шекарадан шықпауымен бағаланады. Демек, бүгінгі әлемдік қаржы дағдарысы мемлекеттік құрылымның беріктігін сынап отырған әлгі күшті сыртқы ықпалға айналды.  Мұндай жағдайда алдағы оқиғаны болжай білу, елді еш әбігерсіз стратегиялық мақсатқа жетелеу мемлекеттік басқару жүйесінің кемелденгендігін білдірсе керек.

ДАҒДАРЫС САЛҚЫНЫ

Қазіргі кезде біз кезінде тым «ақылгөй» болып көрінген ғылыми теориялар мен оларға негізделген ойға сыймас «ақыр заманғы» болжаулардың орындала бастағанын көріп отырмыз: кейбір мемлекеттер тұтасымен өздерін банкрот етіп жариялауда (мысалы Исландия), американдықтар – ауыспас «қаржы алпауыттары» байырғы ұлылығын ұмы­тып, өздерінің «жылтыр аяқтарымен» әбігер­ле­ніп, сүрініп-қабынуда, ал мыңжылдықтар бойы жеке меншіктің мызғымас нышанына айналған ірі Швейцар банктері ұялмастан мем­лекет меншігіне өту мүмкін­діктерін қарастырып жүр. Сонымен қа­тар, бізді «нарықты мем­лекеттік реттеу» үшін сынап-мінеп жүрген кейбір еуропалық либе­рализмнің апологеттерінің Карл Маркстың еңбектерін зерттеп, мемлекеттің экономикаға бел­сенді араласу теориялық ірге­тасын іске асыру жолдарын қарастыруда. Осылай нарықтық экономиканың негізін қалаушылардың бірін берген Ұлыбритания Премьер-Министрі өзінің «Мен капитализмді жү­гендеймін» атты мақаласында нарықтық жүйеге күмән келті­ріп, мемлекет көмегі­мен экономиканы қолдауды ұсынады. Олардың қасында «нарықтық құн­дылықтарға» кейіннен кі­рік­кен мемлекеттердің (Венгрия, Украина және т.б.) өз беделі туралы ұмытып, жедел түрде ХВҚ (МВФ) және басқа да халықаралық институттардан қаржылық көмек сұрауы еш таңдандырмайды. Мұндай маңызды оқи­ға­лар­дың қарқынды дамуы барлық мемлекеттерді туындаған сауалдарға жауап іздеуіне итерме­лей­ді. Жаппай ақиқат сәті туындауда. Оның ішіндегі біздің мемле­кетіміз үшін де.

АҚЫЛГӨЙІ БАР АДАСПАЙДЫ

Әрине, нарықтық жағдайда демократиялық даму жолына ұмтылған жүз жылдық тарихы бар елдердің қасында Қазақстан әлі де болса жас мемлекет. Десе де, жањандық еңбек бөлінісінде орны бар Қазақстан экономикасының өзімен өзі болуы мүмкін емес, ол әлемдік қаржы жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан әлем­дік қаржы дағдарысымен байланысты барлық мәселелер тіке­лей не жанама түрде бізге ық­пал етері сөзсіз. Басты сауал, біздің экономикамыз қаншалықты тұрақты және біз сыртқы экономикалық ықпалға нені қа­рама-қарсы қоя аламыз?

Бір нәрсе анық, біздің ең басты артықшылығымыз мемле­кетіміздің мықты лидері бар, ол – ел Президенті, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық  партиясының басшысы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев. Тарихқа көз жүгіртейік. Небір қиын-қыстау дағдарыстарды жеңген немесе күрделі реформаларды тиімді жүргізген көптеген мемлекет­тер­дің басшылығында көздеген мақ­сатқа жетуде елді біріктіре алатын лидерлер тұрған. Оған бірнеше мысал келтіруге болады:  Петр І, Черчилль, Де Голь, Ли Куан Ю және басқалары. Ал, қазақстандықтар үшін барлық жетістіктеріміздің Елбасының еңбегі екендігі жасырын емес.

Мемлекет Президентінің стра­тегиялық көзқарасы халықаралық тәжірибені тиянақты зерттеу, ғылыми зерттеулерге сүйену біздің мемлекет дамуының бірегей моделін қалыптастырды. Н. Назарбаев өзінің «Қазақстандық жол» атты танымал кіта­бында біздің еліміз өзінің экономикалық саясатын «сайлау­дан сайлауға» қағидатында емес, инвестициялық циклдар арқы­лы нақтыланатын объективті логиканың негізінде қалыптастырылатынын атап өткен болатын.

Біздің жас мемлекет нарықтық экономиканың циклдық болатындығына сүйене отырып, тәуелсіздік алумен және нарықтық экономиканы қалыптастырумен байланысты 1992 және 1996 жылдарде ішкі дағдарыстарды табысты бағындыру тәжірибесін жинақтады.

1998 жылғы әлемдік қаржы дағдарысын еліміз мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан 2030» стратегиясымен қарсы ал­ды. Көршілеріміз қарапайым өмір сүру міндеттерімен шекте­ліп жатқан уақытта біздің мем­лекетімізде әрі қарай дамудың кең ауқымды идеясы пайда бол­ды. Ендігі уақытта көптеген басшылар әлемдік дағдарысқа байланысты бұған дейін кездеспеген өзекті проблемалар бойынша шешім қабылдауда мем­ле­кеттің ұзақ мерзімді даму перспективаларына бағытталған біртұтас іс-қимыл стратегиясын басшылыққа ала отырып, тактикалық компромистерге, стандартты емес әдістерге бару мүм­кіндігін пайдаланды.

Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде біз қаржы апатының нағыз ошағында болған жоқпыз, бірақ мұнай бағасының түсуі мен көршілеріміздің құл­дыраған валюталық нарығына байланысты екінші «соққы толқыны» бізді айналып өтпеді. Ішкі нарық пен валюталық қорды қор­ғау мақсатында теңгені девальвациялау туралы шешім қабылданды. Оны жүргізудің тиімді уақыты мен тәсілі, әлеуметтік аз қамсыздандырылған тұрғындарды қорғау бағытында қабылданған іс-шаралар әлемдік қар­жы дағдарысының кері ықпалын мейлінше азайтты. Біз тек валюта курсының құлдырауынан құтылып, оны қажетті деңгейде ұстап қана қойғанымыз жоқ, сондай-ақ, азаматтарымыздың сенімін сақтай алдық. Сонымен қатар, халықаралық қаржы институттарының жоғары бағалауын алып, бұрынғы кеңестік ке­зең мемлекеттерінің арасында көшбасшылық орынды иемден­дік. Кейіннен 2000-2001 жылдардан бастап экономиканың қар­қынды дамуы басталды.

ТЫҒЫРЫҚТАН ЖОЛ ТАПТЫҚ

2007 жылдан басталған Америкадағы ипотекалық дағдарыс пен содан кейінірек азық-түлік тапшылығынан туындаған проблемалар біздің елімізді қапы қалдырмады. Президент тапсырмасымен қысқа мерзімде дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Жедел түрде екінші деңгейдегі банк­тердің өтімділігін қолдау бойынша шаралар қабылданды. Сонымен қатар, бізден кейін осындай қадамдар Ұлыбритания, АҚШ, Ресей тараптарынан да жасалды. Уақытында қабылданған шаралар өз нәтижесін беріп, қазіргі мем­ле­кетіміздің қаржы-несиелік жүйе­сі тұрақтанды, оны тіпті ХВҚ сарапшылары да мақұлдаған. Мұнда мәселе тек сол екінші деңгейдегі банктерге 4 млрд. доллардың жетіс­пеуінде ғана емес еді. Мемлекет бірде-бір банктың «ойсырауына» жол бермеу үшін барлық қолынан келген шараларды жасауға даяр екендігі осы салаға сенімділік білдірді. Бүкіл әлем бойынша тұрғындар салымының қайтарылуы белең орын алса, біздің елімізде кері­сінше жыл басынан бері ол 30 пайызға артқан. Осындай азаматтардың сезімі мен қа­рым-қатынасынан туындаған се­нім нарықтық дәрежеге айналуда, халықтың би­лікке деген сенімі салмақты капитал. Жуырда Пре­зи­денттің 5 мллионға дейінгі кө­лемдегі де­по­зит­тердегі салымдарға мемле­кеттің кепілдемесі жө­ніндегі ше­шімі азаматтардың одан әрі де қобалжымауға болатындығын біл­дірсе керек. Оның үстіне, олардың қатарына салымшылардың 99 пайызы кіреді.

Біз азық-түлік тапшылығын сәтті өткіздік. Әлбетте, бұл өт­кен жылғы егін түсімінің жақсы нәтижесіне қол жеткізген ерекше бір жолы болғандықтың әсе­рі емес, бұл жањандық азық-түлік қорының төмендеп, оның қауіпсіздігі әрбір мемлекеттің басты мәселесіне айналудағы бүкіләлемдік тенденцияны ескере отырып мақсатты жұмыс жасаудың жемісі. Ол туралы биылдың өзінде ауыл шаруашылық саласына мемлекеттік бюджеттен көрсетілген көмектің көле­мімен өлшеуге болады. «Азық-түлік қауіпсіздігі» үкімет бағдарламасы шеңберінде біз әрбір өңірде мемлекеттік азық-түлік қорын жасадық. Осы жы­лы мем­­лекет импортпен сатып ал­ған өнімді өндіру көлемін ұл­ғайтуға 135 миллиард теңге бөл­ді. Мысалы, Қызылорда облысы бойынша күріш өндіру үшін субсидий көлемін 7,5 мың теңгеден 20 мыңға дейін үш есеге ұлғайтты. Нәтижесі жер­гілікті ауыл шаруашылығын өнді­рушілерді қорғауға және күріш өсіруші шаруашылықтарға қо­сымша 1 млрд. теңге бөлуге  көмектесті. Немесе қант шаруашылығын кешенді қолдау.

Өзіміздің азғана тарихымызда біз өзімізге де, өзгелерге де о бастан экономикалық дамудың нарықтық құндылықтарына басымдық таныту қажеттілігін дә­лел­дей отырып, тек нарықтық механизмдерге бірбеткей сүйенуден бас тарта алдық.  Біз экономикалық өзгерістердегі локомотив қызметін мемлекет өз жауапкер­шілігіне алу арқылы тұрақты экономикалық жүйе құра білдік.

Ең бастысы, экономика дамуындағы нарықтық механизмдер мен оны мемлекеттік ынталандыру тәсілдері арасында қа­жетті баланс табылды. Нарықтық жағдайда антагонистік, ұлт­тық холдингтер мен жеке компаниялардың бірік­кен өмірі қыс­қа екен­дігін болжаған «неолибералдардың» сыни пі­кі­ріне қарамастан, «Самрұқ» хол­дингі құрылып, бүгінде табысты жетістік­терге жетті. Оның құрылуы арқасында қоғамдық игіліктерді өн­діретін сала нарықтық сәтсіздік­терден тыс қалды. Телекоммуникация, темір жол көлігі, энергетика жә­не басқа салалардағы ұлт­тық компаниялар жоғары табыс табуды емес, басты мақсат ре­тінде қызмет көрсету сапасы мен баға қолжетімділігін қойды. Ел Пре­зиденті экономикаға жањандық дағдарыс ықпалын жеңу мақсатында «Қазынаның» бел­сенді инвестициялық позициясын «Самрұқтың» стратегиялық ресурстарымен біріктіру арқылы «Самрұқ-Қазына» Ұлттық игілік қорын құру туралы шешімі өз ресурстарын шашпай маңызды жобаларға негізделуге мүмкін­дік берді.

Оның үстіне, оларда қажетті капитал бар, Елбасы шешімімен барлық көзделген мақсаттарды жүзеге асыру мақсатында жаңа холдингтің капиталына тұрақтандыру бағдарламасы аясында 5 млрд. АҚШ долларын  ұлттық қор­дан 10 млрд. доллар көле­мінде қаржы бөлінді.

Осыған байланысты, кезінде көпшілікке аса ұғынықты бола қоймаған стратегия қолда барды үнемді пайдалануы, мемлекетке қиын-қыстау кезеңде қа­жетті арнайы қорының  болуы туралы мемлекет басшысының  идеялары бүгінде түсінікті бола бастағандай.

Бүгінде мемлекет салмақты ресурстарды иемдене отырып, эко­номикалық салаларды аса бір машақатсыз қолдай алады, сондай-ақ, өзіне жүктелген әлеу­меттік міндеттерді әрі қарай кең ауқымда жалғастыра алады. Қа­был­данатын үшжылдық бюджет барлық әлеуметтік саланың зейнетақының, жалақының және басқа да әлеуметтік салымдардың мейлін­ше ұлғаятынын көр­сетіп отыр.

БІРЛІК ТҮБІ – БЕРЕКЕ

Әлемдік тарих үйретіп отыр­ғандай, ел экономикасына қиын кезең түскенде мемлекет ролі­нің күшеюі ғана экономикалық және саяси дағдарыстан алып шығады. Осындай уақыттарда ұлттық экономикалардың тұрақтылығын шай­қалту арқылы мем­лекеттің егемендігіне қол сұғу болып жататыны жасырын емес. Қаржы нарығындағы күшті ойыншылар басты міндеттері ре­тінде өздері үшін апатты мей­лінше азайтумен қатар бәсе­келестері үшін оны барынша ұлғайту қажет деп санайтындығын ұмытпағанымыз жөн.

Дара-дара болып бөліну біз­ді әлсірететіні анық. Сол себептен, бәріміз бір мақсат – Елбасы белгіленген әлемдік дағдарыстан шығатын жалпы іс-қи­мылдар бағдарламасын жүзеге асыру үшін жұмыс жасайтын уақыт жетті. Ол үшін біз Прези­дентіміз «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының ли­дері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айналасында бүкіл қа­зақстандық қоғам болып топтасуымыз қажет.

Алтауымыз ала болып аузымыздағыдан айырылып қалмайық.

Мұрат ӘБЕНОВ

«Сыр бойы» газеті, 19 қараша 2009 жыл

1 responses to “Дағдарысты ауыздықтаудың жемісті қадамдары

  1. Кешегі басшысына қарсы шығып жатырған елдердің бүгінгі хәлін көгілдір экраннан көріп отырмыз ғой. Бетін әрмен қылсын.

Пікір қалдыру