Category Archives: Жәриялымдар

Түйе өсіріп, өнімін ұлттық брендке айналдыру үшін нақты мемлекеттік саясат қажет

Ықылым заманнан қазақтың тыныс‑тіршілігі, күн көрісі өзі қадірлейтін төрт түлікке, оның өсіміне, өніміне байланысты болғаны рас. Сонымен бірге халық арасында «мал‑жанды» қатар сұрастырып жатуы да төрт түліктің тіршілігіне бей‑жайлықпен қарамайтындығын білдіреді. Ілгері заманда солай болса, азық‑түлік қауіпсіздігінің рөлі артып отырған бүгінгі заманда қазақ үшін ата‑бабасы ерекше қадірін білген мал өніміне қатысты көзқарасты одан сайын тереңдете түсетін уақыт жеткен тәрізді.

Оқуды жалғастыру

Байқоңыр – жұмбақ қала?

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов: Дүниежүзінде дамыған мемлекет­тердің тәжірибесінен байқалғандай, ғарыш саласына салған 1 доллардың қайтарымы 6-7 доллар. Демек, әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайына қарамастан, ғарыш державалары ғарыш саласына қаржы құюды ұлғайтып келеді. Яғни құйған қаржының қайтарымы екі-үш есе екенін жоғарыда атап өттік. Оқуды жалғастыру

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов «Азамат» пікірсайыс клубының мүшелерімен кездесті

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғимаратында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов республика жастарының белсенді бөлігі – «Азамат» пікір-сайыс клубының мүшелерімен кездесті. Онда қоғамдағы өзекті мәселелер қызу талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқуды жалғастыру

Сабақ алуымыздың сиқы осы ма?

 

«Апат айтып келмейді» десек те, «көндей қатқан бейқамдығымыздан арылдық» деу қиын. Міне, осы өзекті мәселені қаузаған Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мен республиканың Бас прокуроры Қайрат Мәмиге депутаттық сауал жолдады.

Оқуды жалғастыру

Мемлекеттік органдардың сайтындағы қазақ тіліндегі ақпарат орыс тіліне қарағанда екі есеге дейін аз – М. Әбенов

Мемлекеттік, атқарушы органдардың сайттарындағы қазақ тіліндегі ақпарат орыс тіліне қарағанда екі есеге дейін аз. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында депутат Мұрат Әбенов  осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқуды жалғастыру

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов: «Ұтары көп ұмтылыстан үрікпейік»

Барыс жылы төрге шықты. Бұл жылдың күнтізбесін еліміз батыл қадамдармен ашып отыр. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновпен бүгінгі әңгіме – Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ-ге) төрағалық етуі, Кеден одағына кіруі хақында.

– Мұрат Әбдуламитұлы, ЕҚЫҰ-ге төрағалық ететініміз туралы айтқанымызға бірнеше жыл болды. Мұның өзімізді дүиежүзі елдеріне танытудан басқа, елге экономикалық жағынан пайдасы қандай?

Оқуды жалғастыру

Дағдарысты ауыздықтаудың жемісті қадамдары

Соңғы уақыттағы жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелердің бірі әлемдік қаржы дағдарысы екендігі белгілі. Тіпті соғыс, саяси қақтығыс немесе мемлекет басшысын сайлау сияқты басқа да маңызды мәселелерді тілге тиек етсе де, экономикамен байланыстырып айтылады. Оқуды жалғастыру

Жастар жаңашыл келеді

Дағдарыс жағдайында жастар тұрғындардың әлсіз топтарының бірі ретінде қабылдануда.  Қазіргі кезде әлемдегі жұмыссыздар саны­ның 50 пайызын жастар құрап отыр. Ал, қысқартуға алғашқылар қатарында жас мамандар ілігетіндігі кімді де болса бей-жай қалдыра қой­мас. Халықаралық сарапшылар­дың бағалауынша, жақын арада жұмыссыздық та жасара түсетін сыңайлы. Оқуды жалғастыру

Жастарға артар сеніміміз мол

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов палатының Жалпы отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке үстіміздегі жылдың 1 сәуірінде енгізілген мемлекеттік қызметтегі бос орындарға орналасу бойынша жариялаған мораторийді алып тастауды ұсынды. Оқуды жалғастыру

Күрішіміз «қартайып» барады

Бұрындары «индустриализация» дегенде, ең озық технологияларды қажетсінетін ірі өндірістік салаларды айтатын едік. Ал бұл жолы маңызды жеті бағыттың ішінен бірінші болып аграрлық сала аталды. Оқуды жалғастыру

Мемлекеттік сатып алулар. Оларды ашық өткізу — бюджеттік қаражатты үнемдеу көзі

Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты Жолдауында дағдарыстан шығудың бірден-бір көзі әрі экономикалық өсуге апарар жол ретінде бюджеттің барлық саласы бойынша қатаң үнемдеу жасалып, қаржылық тәртіптің сақталу қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Сондықтан Үкіметке апта сайын мониторинг жүргізу арқылы бюджеттік қаржының пайдаланылуын қадағалау тапсырылған. Бұл Парламент депутаттарына да қатысты айтылған еді. Оқуды жалғастыру

Қазақстан үшін ғарыш саласының алар орны ерекше – Мәжілісі депутаты М. ӘБЕНОВ

Сәуірдің 12-сі – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Адамзат баласының ғарыш кеңістігіне көтерілгеніне 48 жыл толып отыр. Осы орайда әлем елдерінің ұстанған бағыттары, еліміздің ғарыш саласындағы көздеген мақсаттары мен оларды заңдық тұрғыдан жүзеге асыру жолдары туралы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Мұрат Әбенов әңгімелейді. Оқуды жалғастыру

Мұрат ӘБЕНОВ: «Күліп» кіретін қарыздың «жылап» шығатынын ұқтық

Тәуелсіздік алғаннан бергі тарихымызда бастан кешкен дағдарыстардан алған тәжірибеміз бар ма? Оларды қазіргі жаһандық қаржыдағдарысына қарсы қолдана алып отырмыз ба? Оқуды жалғастыру

Мұрат ӘБЕНОВ, Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы: Болашағын ойлаған өзге ұлт өкілдері де балаларын қазақ мектебіне беріп жатыр

ЗАҢ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАБЫЛДАНЫП ОТЫР

– Мұрат Абдуамитұлы, бүгінгі таңда Парламентте талқыланып, қабылданып жатқан заңдар көп. Дегенмен сіз қандай заң жобасына баса назар аударып жүрсіз? Қай саланы тереңірек зерттедіңіз? Оқуды жалғастыру

Қызылорда күйеге бөгіп тұр

Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутаттардың бірі Мұрат Әбенов Салық кодексіне азот тотықтары және күйе шығарындыларына төлем ставкасын бекіту жөнінде өзгерістер енгізу қажеттігін айтты.

«Өткен жылы қабылданған Салық кодексінің басты мақсаттарының бірі жер қойнауын өндірушілерге салық жүктемесін ұлғайтып, басқа салаларға азайту. Қолданысқа енгізілетін Салық кодексінің 495-бабының 3-тармағына тек қана көмірсутектер, көміртотықтар және метан ластаушы заттардың төлем ставкалары белгіленген. Ал ілеспе газдарды жаққанда шығарылатын ластағыш заттар азот тотықтары және күйе үшін төлем ставкалары белгіленбей қалған. Азот тотықтары да, күйе де қоршаған ортаны ластаушы және тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізетін зиянды заттар. Айта кету керек, ілеспе газдар жаққанда шығарылатын Салық кодексіне енбей қалған азот тотықтары және күйе көлемі шартты тоннаға айналдырғанда, барлық ластаушы заттардың 92 пайызын құрайды», деді ол.

Депутаттың сөзіне қарағанда, Бас прокуратураның жүргізген жұмыстары барысында Салық кодексіндегі қоршаған ортаны ластау үшін төлемдерді есептеудің аталған жаңа тәртібі жер қойнауын пайдаланушыларға салық жүктемесін 100 еседен аса азайтатыны анықталған. Сол себептен бұл мәселе мұнай өндіруші өнірлердің жергілікті бюджеттерінің орындалмауына алып келуі ықтимал болып отыр. «Мысалы, Қызылорда облысының бюджетінде қоршаған ортаны ластағыш заттардан түсетін төлем көлемі 1 млрд. 500 млн. теңге деп бекітілген. Дегенмен, азот тотықтары және күйе үшін төлем ставкалары белгіленбегендіктен жергілікті бюджетке 1 млрд. 220 млн. теңге қаржы түспеуі және бюджеттік түсімдердің орындалмауы күтілуде. Бұл өз кезегінде әлеуметтік бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылмауына алып келеді. Осындай жағдай басқа мұнай өндіруші облыстарда орын алып отыр», деді депутат.

Оның сөзінен ұққанымыздай, Салық кодексінде азот тотықтары және күйе үшін төлем ставкалары белгіленбеуі Қызылорда облысының экологиялық қолайсыз жағдайына және әлеуметтік-экономикалық ахуалына кері әсерін тигізеді.

Заң газеті, №10, 23 қаңтар 2009 жыл

 

Дәстүрлі қазақ отбасы дағдарыста шыңдалады

Мұрат Абдуламитұлы, редакциямызға қош келдіңіз! Сіздің елге келген сапарыңызды пайдаланып, сұхбат жасағымыз келген ниетімізді қабыл алғаныңыз үшін оқырмандар атынан рахмет айтамыз. Әрі, сіздің сұхбатыңызды оқыған әрбір оқырман өзіне қажетті жақсы бір жағымды жаңалықпен танысу, тіпті күнделікті өміріне бір серпін алу мүмкіндігі болады деп ойлаймыз.

Оқуды жалғастыру

Арал теңізі және балық шаруашылығы проблемаларын оң шешу үшін бірқатар кешенді шаралар қолға алынуы тиіс ( «Егемен Қазақстан» )

Қызылорда облысы экология­лық апат ай­мағы болып санала­тын­дықтан, бұл аймақ тұр­ғын­да­рының денсаулығын сақтау мә­селелері, әрине, ерекше назар ау­даруды қажет етеді.

Осы ретте Министрлер Ка­бинетіне Қы­зылорда облысының денсаулық сақтау мекемелерінің штаттық санын 595 бірлікке арттыру және ана мен бала өлімі көрсеткішін төмендетуге арналған дәрі-дәрмектерді сатып алуға қосымша қаржы бөлу жөнінде жасаған біздің соңғы бір топ депутаттардың ұсынысы қолдау тапқанына алғыс білдіреміз. Оқуды жалғастыру

Мұрат Әбенов: Беріктікке сын

Соңғы уақыттағы жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелердің бірі әлемдік қаржы дағдарысы екендігі белгілі. Тіпті соғыс, саяси қақтығыс немесе мемлекет басшысын сайлау сияқты басқа да маңызды мәселелерді тілге тиек етсе де, экономикамен байланыстырып айтылады. Оның үстіне, саясатқа қарағанда қаржы саласы ешкімді бейтарап қалдырмайтыны тағы бар. Оқуды жалғастыру

Күріш — бидайдан кейінгі маңызды дәнді дақыл Оған қатысты проблемаларды бүгін шешпесек, ертең кеш қаламыз

Мұрат ӘБЕНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты

Осы мақаланы жазуыма күрішке деген әлемдік бағаның күрт өсуімен байланысты қалыптасқан жағдай және отандық күріш шаруашылығы саласындағы проблемалар себеп болып отыр. Оқуды жалғастыру

Қоғамдық қабылдаудан: Тұрғындар әділдікті, теңдікті, жариялықты талап етеді

Бүгiнде қоғамдық қабылдау көп. Мекеме басшылары, депутаттар бiр күн қарапайым халық тiлегiн тыңдау үшiн қабылдау өткiзудi жұмыс тәртiбiне енгiзiп жүр. Газет беттерiндегi «қоғамдық қабылдау өтедi» деген хабарландыруды оқып көпшiлiктiң арасында осы қабылдаулар не мәселе шешедi, пайдасы бар ма» деген сұрауы көп пiкiрлер де жоқ емес. Оқуды жалғастыру

Үнділерден үлгі алған абзал

Батыстың белгілі экономист-сарапшыларының пайымдауынша, жоғары дәрежелі маман дайындауға мемлекеттен жұмсалған 1 доллар шығын 6 доллар пайда әкеледі екен. Оқуды жалғастыру

Парламент мәжілісінің депутаты М.Әбенов: Мәселе су тапшылығында емес…

Ауыл шаруашылығы Министрлігі баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сүйенер болсақ «Сырдария өзенінің Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің аумағында су тапшылығы сезіліп отыр. Үшқорғаннан Шардара су қоймасына дейінгі аралықтағы су мөлшері жылдағыдан 20-30% -ға аз болуы мүмкін деген болжам бар. Сонымен қатар, Қарадария өзенінің арнасынан да су жылдағыдан аз болуы мүмкін. Оқуды жалғастыру

Мұрат Әбенов: «Банктер табысын өз қорын өсіруге емес, бағдарсыз активтерге салды»

 

– Мұрат Абдуламитұлы, белгілі экономист-ғалымдар елімізде болған банктер өтімділігінің тапшылығы елдегі экономикалық процестерді басқару дағдарысына орай туындаған мәселе деген баға беруде. Сіз қалай ойлайсыз, бұл Кеңес өкіметі кезіндегі жоспарлы экономиканың өзін-өзі ақтаған әдісінен қол үзіп, нарықтың ағысымен экономиканы бос жіберіп алуымыздың жемісі емес пе? Оқуды жалғастыру